Мемлекет басшысы Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті

07.08.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Коллаж: Kazinform/ Freepik

 – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті.

Құжатта 2023 жылы Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында орнықты, сапалы және инклюзивті өсу траекториясына шығу мақсатында экономикалық дамудың жаңа парадигмасын іске асыру қажеттігін белгілеп бергені атап өтілген.

«Орташа табыс тұзағынан» құтылу және Қазақстанның табысы жоғары елдер қатарына орнығуы үшін берік институционалдық және әлеуметтік- экономикалық негіздерді қалыптастыру – орта мерзімді кезеңге арналған дамудың негізгі мақсаттары. Жаһандық экономикалық, климаттық және технологиялық мегатрендтердің артып келе жатқан қысымы, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық салада жинақталған теңгерімсіздіктердің қауіпті деңгейі жағдайларында қойылған міндетке қол жеткізу міндеттерге басымдық беруді және елді дамытудың жаңартылған орта мерзімді жоспарын қалыптастыруды талап етеді», – делінген құжат мәтінінде.

Протекционизм мен шектеу шараларының күшеюі аясында қатар басталған жаһандық тізбектер мен сауда-экономикалық байланыстарды қайта құру үрдісі әлемдік экономиканың өсу әлеуетінің төмендеуіне, жоғары инфляцияның ұзақ цикліне және инвестициялар үшін жоғары бәсекелестіктің болуына әкелді. Мұндай жағдайларда Қазақстан экономикасының экспорттық-шикізат моделі бюджет кірістерін қалыптастыру және оны әртараптандыруға инвестиция салу мүмкіндігі тұрғысынан шектеледі.

«2014 жылдан бастап ұлттық экономиканың орташа жылдық өсу қарқыны баяулады және бүгінде 5%-дан аз. Аса жеткіліксіз инвестициялау, инновацияның және экономика өнімділігінің төмен деңгейлері аясында бұл жойылып бара жатқан негізгі қорларды дамыту әрі орнын толтыру үшін жеткіліксіз. Бұл ретте, 2022 жылы ЖІӨ-нің 15%-дан астамы және Қазақстан экспортының 70%-ы минералдық шикізатпен байланысты салаларға тиесілі болды. Сонымен бірге, қазба отындарына әлемдік сұраныстың шарықтау шегі жақындаған сайын және ресурстық базаның сарқылуымен экономикадағы құрылымдық өзгерістердің, сондай-ақ мемлекеттік қаржы саласында теңгерімді саясат жүргізудің қажеттілігі артады», – деп жазылған құжатта.

Сонымен қатар, 10 жыл ішінде қомақты қаражат жұмсау арқылы экономиканы дамытуға арналған бюджет үлесі төмендеді. Бұл ретте, халықтың кірістер құрылымындағы мемлекеттік қолдаудың үлесі 2010 жылғы 14%-дан 2022 жылы 23%-ға дейін өсті.

«Өткен онжылдықтардағы Қазақстанның экономикалық өсуі қоршаған ортаның жай-күйіне елеулі әсер етумен қатар жүрді, ол жаһандық экологиялық факторлармен бірге экологиялық жағдайды ушықтырды. Қазақстан парниктік газдар шығарындылары бойынша топ-20 елдің қатарына кіреді, ал ел халқының 20%-дан астамы тұратын жерлердің үштен екісіне құрғақшылық қаупі төніп тұр. Бұл мәселелерді шешу 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша ел қабылдаған міндеттемелерге сәйкес шұғыл әрекет етуді талап етеді», – деп аталым өткен құжатта.

Мұнымен қоса, Қазақстанның серпінді технологиялардың жаһандық күрт даму үрдісіне қатысу әлеуеті жоғары. Аталған сын-қатерлерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары әзірленді.

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары шеңберінде экономикалық қайта құрулардың негізінде жатқан бес бірізді қағидат айқындалды:

– Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыру және тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту үшін бәсекелестікті ырықтандыру әрі ынталандыру;

– Кәсіпкерлікті қорғау және дамыту, сондай-ақ экономиканың өсуі үшін оны жеткілікті инвестициялармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін инвесторлар үшін түсінікті, болжамды және тартымды экономикалық саясат;

– Сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және кәсіпкерлік пен шығармашылық бастаманы қолдауға баса назар аудара отырып, қазақстандықтардың әлеуетін ашу;

– Инновациялық белсенділікті кеңейту, салалар мен кәсіпорындарды жаңғырту және цифрландыру арқылы экономиканың өнімділігі мен күрделілігін арттыруға баса назар аудару;

– Өңірлердің дамуында аса үлкен алшақтыққа жол бермеу және өңірлердің өз әлеуетін әрі үлкен экономикалық дербестігін іске асыруы үшін жағдай жасау.

Атап айтқанда, осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Әлемнің 10 елінен келген скауттар көшпенділердің тұрмыс тіршілігімен танысуда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ақша алып, жөндеу жұмыстарын жасамаған

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.