Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ДенсаулықЖаңалықтар

10 мың вольт тоқ соққан ер адам аман қалды

Фото: Алматы денсаулық сақтау басқармасы

 – Алматылық комбустиологтар жоғары вольтты тоқ соққан 27 жастағы жігіттің өмірі үшін екі ай күресті.

Электр монтаждаушысы Аян көктемде жұмыс учаскесінде тоққа түсіп қалды. Ер адам алғашқы 10 күн Жетісу облысы Алакөл орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатты. Кейін жағдайы тұрақталған соң науқас тиісті деңгейде көмек көрсете алатын күйік бөлімі мамандары бар Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Комбустиологтар оған екінші дәрежелі электр жарақаты, білек, қол, іш, табанның IV дәрежелі күйік диагнозын қойды.

«Науқас туыстары мен реаниматологпен №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Оны көпбейінді дәрігерлер бригадасы – травматолог, реаниматолог-анестезиолог, терапевт – жан-жақты тексеріп, күйік бөліміне жатқызу туралы шешім қабылдады. Науқастың жағдайы ауыр болды», – дейді бөлім меңгерушісі, дәрігер-комбустиолог Елдос Әлменов.

Алматыда 10 мың вольт тоқ соққан ер адам аман қалды
Фото: Алматы денсаулық сақтау басқармасы

Ауруханада 53 күн жатқан науқасқа 5 мәрте пластикалық операция жасалды.

«Мені ажалдан аман алып қалған Алматы төртінші қалалық ауруханасының дәрігерлері мен қызметкерлеріне рахмет», – деді Аян Мерекенов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазіргі заманғы білім беру – бұл жай ғана білім беру үдерісі емес, ол мәдениеттерді біріктіретін және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қуатты құрал

admin_altyalash

ҰБТ-дан жоғары балл жинауға көмектескен 3 адам ұсталды

admin_altyalash

Қазақстандық жастар делегациясы тәжірибе алмасу мақсатында Үндістанға сапарлады

admin_altyalash