10 тамыз – Абай күні. – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

10 тамыз – Абай күні.

10.08.2024
0
10 тамыз – Абай күні.

Фото: ҚР Үкіметі

– Бүгін – Абай күні. 10 тамыз ресми түрде ақын Абай Құнанбайұлының туған күні деп есептеледі.

Қазақ әдебиетінің ең ірі тұлғасы туған күнді осылай дәріптеп жатсақ, туған өлкесіне қандай құрмет көрсетіп жатырмыз? Ақынның азан шақырып қойған аты – Ибраһим. 1845 жылы қазіргі Абай облысының Абай ауданындағы Қарауыл ауылында дүниеге келген. Арада 25 жыл өткенде Абайды дүниеге әкелген өңір қайтадан облыс мәртебесін алып, Абайдың атымен аталды. Осылайша қазір елімізде екі ақынның атында облыс бар. Бірі – Жамбыл, екіншісі – Абай.

Абай мұрасы дегенде еске жүздеген өлеңі мен ондаған әні, поэмалары мен 50-ге жуық «қара сөзі» түседі. Орыс әдебиетінен Пушкин мен Крыловты, Батыс әдебиетінен Гете мен Байронды аударды. «Масғұт», «Ескендір» поэмаларын оқыған адам ақынның Шығыс әдебиетінің жауһарларымен етене таныс болғанына көз жеткізеді. Батыс пен Шығыс әдебиетін тел еміп, одан алған азығымен қазақ әдебиетін байытқан ойшылды ұлт руханиятының реформаторына теңейтіндер бар.

Әдебиет теориясында Абайды қазақтың жазба әдебиетінің бастауындағы тұлға деп сипатталады. Өзінен кейінгі «Абайдың ақындық мектебі» деп айдар тағылған буын Алаш зиялыларының әдеби дамуына әсер етіп, үлгі болды.

«Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ», – деп жазды ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы.

Абай Құнанбайұлына берілген ең әділетті, ең биік баға да осы.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Атқа міну дәстүрі» республикалық челленджі өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Оқу жылына дайындық пысықталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.