«Атқа міну дәстүрі» республикалық челленджі өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Атқа міну дәстүрі» республикалық челленджі өтті

10.08.2024
0
«Атқа міну дәстүрі» республикалық челленджі өтті

Астана маңындағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде елордалық елшілердің қатысуымен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында «Атқа міну дәстүрі» республикалық челленджі өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Жылдың ең маңызды оқиғасы саналатын 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдауға және жобаны халық арасында насихаттау мақсатында құрылған бір топ елші айтулы шараның куәсі болды. Елшілердің құрамында Ұлттық ат спорты Федерациясы мен Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының негізін қалаушылардың бірі, «Атбегілер мен шабандоздары» қазақстандық ұйымының төрағасы, Ұлттық спорт түрлерінен еңбек сіңірген жаттықтырушы, жазушы-публицист Сәдібек Түгел болды. Іс-шара алдында Сәдібек Түгел қатысушыларға ақ батасын беріп, кезекті республикалық «Атқа міну дәстүрі» челленджінің шымылдығын ашып берді.

«Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын барлық спортшыларға шын жүректен сәттілік тілеймін! Сіздер қазақ халқының мақтанышы болып, ұлттық спортымызды әлемге танытады деген сенімдемін. Әрбір жарыста өз шеберліктеріңізді, батылдықтарыңызды және қажырлы еңбектеріңізді көрсетіп, еліміздің туын биікке көтерулеріңізге тілектеспін. Жеңісті сәттеріміз көп болып, ата-бабаларымыздың рухы сіздерге қуат берсін!» – деді Астана қаласының елшісі Сәдібек Түгел.

Айтулы шараға Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекеме қызметкерлері және елімізге танымал бірқатар спортшылар қатысты.

Айта кетейік, «Бірлік керуені» жобасы еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылуда. Астана қаласының бір топ елшісі күні кеше көкпардан өткен шеберлік сабағына арнайы қатысқан болатын. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Бірлік керуені» жобасы аясында құрылған елшілер алдағы уақытта да елорда төрінде Ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстардың куәсі болады.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Аида Балаева Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Төрағасы Мереке Құлкеновпен кездесті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

10 тамыз – Абай күні.

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.