– Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев әлемдік додаларда еліміздің намысын қорғайтын шетелдік спортшыларды сатып алуға қатысты ойын айтты.
«Легионерлер бойынша бұл әр мемлекетте бар практика. Әр елде легионерлерге көңілі көншімейтіндер табылады. Әрине, өз спортшыларымызды дайындауымыз керек. Қажет жағдайда шетелден тәжірибелі жаттықтырушыларды тартып, олардан үйреніп, өз спортшыларымызды даярлау қажет», – деді Серік Сәпиев елордада Париж Олимпиадасының бокстан күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайды қарсы алу сәтінде БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.