Антикор хабарламасы
– Алматы қаласы Медеу ауданының сотымен қалалық емхананың бухгалтерлері К. Хангиреева мен А. Туғанбаева сотталды. Олар ауруханада іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған, – делінген хабарламада.
Сот үкімімен бас бухгалтер Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ал оның қарамағындағы қызметкер Туғанбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.