Рухани құндылық пен өнегеге толы болған курс – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Маусым 13, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Рухани құндылық пен өнегеге толы болған курс

16.08.2024
0
Рухани құндылық пен өнегеге толы болған курс

Орталықтың бөлім басшысы Бауыржан Ахметов зияткерлік курстың қандай мақсатта ұйымдастырылғанын түсіндірді.

Биыл 16-17 шілде аралығында Бурабайда ер балалар арасында “Кемел жігіт-күйеу бала” атты зияткерлік курс ұйымдастырдық. Оған 14-20 жас аралығындағы 60 ер бала қатысты. Олар қой союдан бастап, табақ тарту сынды қазақтың салт-дәстүрімен танысып, ұлттық ойындарды ойнады. Осыдан кейін ата-аналарымыз қыздарымыз үшін де курс өткізуді сұрады. Осылайша, “Қызым саған айтамын…” атты іс-шараны ұйымдастырдық. Басты мақсат-жастар арасында ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, жат ағымның жетегінде кетуіне жол бермеу,- деді Бауыржан Ахметов.

14-15 тамыз күндері Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы “Қызым, саған айтам…” атты ұлттық зияткерлік курс ұйымдастырды. Курстың мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылықтар мен тарихи сананы жаңғыртып, қазақы болмыс пен салт-дәстүрлерді дәріптеу. Жоғары дәрежеде өткен аталмыш шараға 40 қыз бала қатысты.

Арнайы бағдарламаға сәйкес екі күн бойы «Қыз-келіншектердің ұлттық киімдері», «Қазақтың асыл аналары», «Мақал – сөздің мәйегі» атты теориялық дәрістер өткізілді. Сонымен қатар қатысушылар «Сырғалым» және «Шашбаулым» топтарына бөлініп, ашытқы дайындау, бауырсақ пен шелпек пісіру, қамыр илеу, табақ тарту сынды шеберлік сағаттарына, сондай-ақ елімізге танымал дизайнерлердің қолөнер сабақтарына қатысты.

Курс барысында өз саласының үздік мамандары «Білімді ана – бақытты бала», «Ұлттық тағамдардың денсаулыққа пайдасы» жалпы қазақ тарихындағы асыл аналар, қыз баланың мәртебесі мен тәрбиесі, қыз баланы өнерге баулу турасында мағыналы семинар өткізді. Баланы бесікке бөлеу, шілдехана, қырқынан шығару сынды салт-дәстүрлердің практикада көрсетіліп, қатысушылар ауылдың алты ауызынан халық әндерін шырқады.

Балаларының өнерін тамашалауға келген аналарына, яғни «Ақ жаулық» тобына да ұлттық құндылықтарға негізделген танымдық дәрістер мен «Алғашқы медициналық көмек», «Жасөспірім балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы» тақырыптарында семинар-тренингтер ұйымдастырылды.

Балалар мен аналары бірге кино көріп, орамал тастау, айгөлек, сақина салмақ сынды ұлттық ойындар ойнады. Дастархан жайылып, қатысушылар өздері дайындаған бауырсақ пен ұлттық тағамдар даярланып, көпшілікке ұсынылды.

Қатысушылар мен халық арасында жағымды пікірге ие болған, рухани құндылық пен өнегеге толы болған курс қорытындыланып, қатысушыларға сертификат және тақия, ұлттық нақышта тігілген дорба, ас үйге қажет алжапқыш, сыпыра, оқтау мен тақтай, табақтар – естелік-сыйлықтар табысталды.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматыда АЭС салу мәселесі бойынша 19-шы жария талқылау өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Олжас Бектенов қалпына келтіру жұмыстары туралы: Мемлекет басшысы алға қойған міндет мерзімінде орындалуы тиіс

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.