Олжас Бектенов «Талдықорған – Үшарал» газ құбыры құрылысының барысымен танысты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Шілде 5, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Олжас Бектенов «Талдықорған – Үшарал» газ құбыры құрылысының барысымен танысты

19.08.2024
0
Олжас Бектенов «Талдықорған – Үшарал» газ құбыры құрылысының барысымен танысты

фото:Үкімет

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Жетісу облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры құрылысының барысымен танысты– деп хабарлайды altyalash.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының жалпы ұзындығы 302,4 км құрайды. Жоба аясында алты газ бұру құбыры мен автоматты газ тарату стансаларын салу көзделген. Газ құбырының өткізу мүмкіндігі – жылына 385 млн м3 газ. «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов нысан «Алматы – Талдықорған» магистралды газ құбырының қолданыстағы бірыңғай жүйесінің құрамында пайдаланылатынын, құрылысты аяқтап, іске қосу 2026 жылдың соңына жоспарланып отырғанын баяндады.

Жаңа «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры 124 мың тұрғыны бар Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының 66 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етеді. Құрылысы аяқталып, іске қосылғаннан кейін облысты газдандыру деңгейі 47,6%-дан 90%-ға дейін өседі.

Премьер-Министр жаңа газ құбыры өңірдегі тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандар мен өнеркәсіп кәсіпорындарын энергетикалық қауіпсіздікпен және тұрақты газбен қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл өңірдің тұрақты дамуына және тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді. Сондай-ақ іскерлік белсенділіктің артуы, жаңа жұмыс орындарын ашып, шағын және орта бизнестің дамуы қосымша оң нәтиже бермек.

Жалпы, Жетісу облысында 358 елді мекеннің 192-сі газдандыруға жатады, 37 елді мекен газбен қамтылды, 334 мың адам (47,6%) газға қол жеткізді. Елімізде барлығы 2023 жылдың қорытындысы бойынша халықты газбен қамту деңгейі 60%-ды құрады (12 млн адамға газ қолжетімді).

«Мемлекет басшысы бастамашылық еткен ауқымды инфрақұрылым жобаларын іске асыруға Үкімет ерекше мән береді. Экономика үшін басым жобаларды қаржыландыруғ “Самұрық-Қазына” және “Бәйтерек” холдингтерінің, ішкі капитал нарығының ресурстары мен қаражаты, тікелей шетелдік инвестициялар мен жеке капитал белсенді түрде тартылуда. “Самұрық-Қазына” қаражаты есебінен 42 газбен қамту жобасын іске асыруға 10,4 млрд теңге бөлінді. Бұл жыл соңына дейін Жетісу облысындағы тағы 30 елді мекенді газбен жабдықтауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы жобаларды іске асыру кезінде тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық қамтудың барынша жоғары үлесін қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды.

Энергетика министрлігіне және «QazaqGaz» ұлттық компаниясына, облыс әкімдігіне белгіленген мерзімдерді сақтай отырып, жобаларды сапалы іске асыру үшін барлық шараны қабылдау тапсырылды. Сонымен қатар жеке үйлерге газдың қосылуын бақылауды күшейту тапсырылды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Туризмді дамыту – «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтардың бірі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Аталған жобаны қаржыландыруға қатысты еш мәселе жоқ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.