2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдегі ең ірі екі такси қызметі рулі оң жақтағы көліктерді платформаларына тіркемейді. Бұл туралы бүгін Үкіметтегі брифингте Көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті,– деп хабарлайды altyalash.kz Aikyn.kz.ке сілтеме жасап.
«2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді тіркемейді. Көлік министрлігі мен осы екі компания арасында тиісті келісімге қол қойылған», – деді ол.
Қарабаевтың айтуынша, енді осы екі компания жаңа жылға дейін платформадағы рулі оң жақтағы көліктерді анықтап, платформадан алып тастайды. Яғни, олар енді такси қызметін тоқтатады.