14 тамызда ҰҚК материалдарының негізінде Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық соты жергілікті тұрғындардың біріне қатысты терроризмді насихаттады деген айыппен үкім шығарды.
Ол мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы діндар адамдарды шетелдегі террористік әрекеттерге қатысуға шақырған.
Сот шешімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Үкім заңды күшіне енді.
Жыл басынан бері ҰҚК жедел материалдары бойынша террористік сипаттағы қылмыстар үшін 38 адам сотталған.