Астанада JOLTAP әлеуметтік бағдарламасы аясында жобаның танымал бағыттарының біріне айналған тігін ісі бойынша шеберлік сабағы өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Дағдыларды жетілдіру үшін жұмысқа орналасқан түлектерге арналған шапан тігу шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Қатысушылар жеңі бар дәстүрлі ұзын көйлек тігуді үйренді.
«Бізді көйлек тігу бойынша шеберлік сабаққа шақырған кезде мен үшін өте жағымды бонус болды», – деді шеберлік сабаққа қатысушы Айман Сағындықова.
Үйренушілер оқытушының мұқият бақылауымен үлгіні құрастыру, матаға ауыстыру, пішу және тігу сияқты бірегей бұйымды жасаудың барлық кезеңдерінен өтті.
«Оқығаныма өте ризамын. Мен көптеген жаңа дағдыларға ие болдым және инновациялар, лайфхактар туралы білдім», – деп бөлісті JOLTAP түлегі Индира Жадаева.
Естеріңізге сала кетейік, JOLTAP бағдарламасы елорда әкімдігінің бастамасы болып саналады. 5 мыңнан астам тұрғын оқудан өтіп, олардың 3 мыңға жуығы жұмысқа орналасты.
Тегін қысқа мерзімді курстарға «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункттерінде жазылуға болады. Оқыту 8 жұмыс дағдысы (тігінші, сәнгер-конструктор, бухгалтерлік есеп негіздері, корпустық жиһаз жасау негіздері, сатушы-кассир, электр газбен дәнекерлеуші, бариста, аяқ киімді жөндеу) және 7 цифрлық дағдылар (SMM, сайттарды әзірлеу, бейнемонтаж, графикалық дизайн, мобилография, маркетплейстердегі сауда, таргет) бойынша өтеді.