Қазақстандық фермерлерге астық кептіру үшін арзандатылған сұйытылған газ беріледі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Шілде 5, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандық фермерлерге астық кептіру үшін арзандатылған сұйытылған газ беріледі

22.08.2024
0
Қазақстандық фермерлерге астық кептіру үшін арзандатылған сұйытылған газ беріледі

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен күзгі дала жұмыстары мәселелері жөніндегі жедел штабтың бірінші отырысы өтті. Штаб үздіксіз егін жинау науқанына кедергі келтіретін тактикалық мәселелерді дереу шешу мақсатында құрылған. 

Әкімдіктердің, қаржы институттарының, мемлекеттік органдардың, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмысын үйлестіру Үкіметтің бақылауымен жүзеге асырылатын болады. Жақын арада Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Азық-түлік корпорациясы» АҚ өкілдері жергілікті жерлерде егін жинау жұмыстарын жедел басқару үшін өңірлерге барады. 23 тамызда вице-премьер Серік Жұманғарин еліміздің негізгі астық егетін өңірлерінің бірі – Ақмола облысына барады.

ҚР АШМ 20 тамыздағы жедел деректеріне сәйкес, елімізде 2,2 млн тонна астық бастырылып, 1,1 млн тоннасы жиналды. Ондағы дақылдардың 76%-ы жақсы, 22%-ы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Егін жинау қарқыны былтырғы жылмен сәйкес деуге болады, бірақ толассыз жауған жаңбыр жаппай жұмыс істеуге және дәнді дақылдардың толық пісуіне кедергі келтіруде. Осыған байланысты Жедел штаб отырысында өңірлерді астық кептіру агрегаттарымен және оларға арналған отынмен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, бүгінгі таңда негізгі астық егетін өңірлерде тәулігіне жалпы қуаты 820,6 мың тонна болатын 1301 астық кептіру агрегаты бар. Осы кептіру агрегаттарының жұмысы үшін 61 мың тонна арзандатылған дизель отынына өтінімдер келіп түсті. Бірақ кейбір облыстарда кептіргіштер сұйытылған газбен жұмыс істейді, сондықтан бұл қондырғыларға арзандатылған газ қажет.

Өз кезегінде Премьер-Министрдің орынбасары С. Жұманғарин ҚР АШМ мен ЭМ-ге кептіру агрегаттары үшін қажетті сұйытылған газ көлемін есептеп, фермерлерді арзандатылған отынға кезекте тұрғандар тізіміне қосуды тапсырды. Сондай-ақ әкімдіктерге фермерлердің мобильді кептіру агрегаттарына деген қажеттілігін есептеу, ал қаржы институттарына аталған құрылғыларды сатып алуды субсидиялау мүмкіндігін пысықтау тапсырылды.

Жаңа астықты ішкі нарыққа және экспортқа үздіксіз жеткізуді ұйымдастыру, жылжымалы құрамды жедел үйлестіру және басқару үшін Ауыл шаруашылығы, Көлік министрліктері, Азық-түлік корпорациясы, ҚТЖ және әкімдіктер апта сайын, ал жаппай егін жинау кезеңінде – күн сайын селекторлық кеңестер өткізеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы шахтерлерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Астанада JOLTAP түлектері үшін тігін шеберлік сабағы өткізілді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.