«Digital Kazakhstan: заманауи білім беру»: педагогтердің Тамыз саммиті аяқталды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Шілде 5, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

«Digital Kazakhstan: заманауи білім беру»: педагогтердің Тамыз саммиті аяқталды

22.08.2024
0
«Digital Kazakhstan: заманауи білім беру»: педагогтердің Тамыз саммиті аяқталды

Жаңа оқу жылының басталуына арналған педагогтердің тамыздағы дәстүрлі басқосуы өз мәресіне жетті. Талқылаудың негізгі тақырыбы оқу үдерісін цифрландыруға және сабақ беру процесіне әлемдік тәжірибені ескере отырып, жасанды интеллектті енгізу ерекшеліктеріне арналды. Назарбаев Университетінің базасында өткен отырыстың пленарлық бөлігіне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрлері, ҚР Парламентінің Мәжіліс және Сенат депутаттары қатысты

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев отандық білім беру жүйесінде жасанды интеллекті енгізудің алғышарттары қалыптасқанын атап өтті. Бүгінде мектептерде жоғары жылдамдықты интернетпен қамту 89%-ды құрайды, интернеттің орташа жылдамдығы өткен жылғы 4 Мбит/с-тен биыл 75 Мбит/с-ке жетті. Еліміздің 1731 мектебінде Starlink жерсеріктік интернеті орнатылды.

«Жасанды интеллект технологияларын білімге сауатты енгізу – оқытудың тиімділігін, жеке оқушыға бағыттылығын қамтамасыз етеді, ал бұл өз кезегінде білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Заманауи технологиялар педагогтерден білім беру процесін ұйымдастыруда жаңа ұстанымды талап етеді және оны тиімді қолдануға білім берудің барлық деңгейлері дайын болуы тиіс», – деп мәлімдеді министр.

Ол Мемлекет басшысының қолдауының арқасында білім беру инфрақұрылымы жақсарғанын атап өтті. Бүгінде елімізде 3 мыңға жуық мектеп бір ауысымда білім беруде. Қосымша 536 оқушы орнына арналған 302 мектептің құрылысы жүруде. 1,7 миллионнан астам оқушы ыстық тегін тамақпен қамтылды.

Сондай-ақ Ғани Бейсембаев кадрлық әлеуетті арттыру мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, жыл сайын мұғалім мамандығына қызығушылық білдірушілердің қатары артып келеді. Биылғы жылдың өзінде 1797 «Алтын белгі» иегері педагогика мамандығын таңдаған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 269 адамға көп.

«Біз осы қол жеткізген жетістіктерде тоқтап қалмауымыз керек. Алдымызда білім беру саласын әлі де жетілдіру мен дамытуды талап ететін жаңа міндеттер тұр. Бұл білім сапасын арттыру, инклюзивтілікті нығайту және білім беруді барлық балалар үшін қолжетімді ету, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әрбір мектеп баланың қарым-қабілетін танып, тұлғалық дамуына жол ашатын жайлы білім беру ортасына айналуы тиіс», – деді еліміздің бас педагогі.

Министр келесі оқу жылында басымдық берілетін маңызды міндеттерді атап көрсетті. Бұл – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектептердің ішкі регламенті мен Жарғысының сақталуы, білім алушылардың оқу үлгерімі және т.б.

Пленарлық отырыс халықаралық сарапшылардың қатысуымен дискуссиялық форматта жалғасты. Сонымен қатар «Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар»,  «Жасанды интеллектті орта білім беру жүйесіне интеграциялау»,  «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесініндегі цифрландырудың заманауи трендтері», «Ауыл мектептерінде оқыту процесін  цифрландыру», «Цифрлық мектеп– цифрлық мұғалім»,  «Мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін дамыту», «Цифрландыру жағдайындағы инклюзивті білім беру», «Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы цифрландыру», «Біртұтас тәрбие және қосымша білім синергиясы», «Цифрландыру жағдайындағы білім беру мазмұнына тұрақты даму компонентін интеграциялау», «Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің балалардың әл-ауқатына әсері» тақырыптық бағыттары бойынша пленарлық секциялық отырыстар өтті.

Саммит аясында білім беру саласын жетілдіру мен дамыту бойынша цифрлық шешімдердің сандық көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Әлем мұғалімі» жаһандық премиясының (Global Teacher Prize) ұлттық кезеңінің жеңімпаздары таныстырылды.

Саммит соңында Оқу-ағарту министрі білім беру саласының дамуына үлес қосқан үздік педагогтерді ведомстволық наградалармен марапаттады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматыда полицейлер мектептер маңындағы жол қауіпсіздігін тексерді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысы шахтерлерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.