Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетӨнер

Шығыс Қазақстан облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері өтті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданындағы «Балақай» спорттық-сауықтыру орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» халықаралық жастар лагері өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігінің, ҚХА, «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері, халықаралық жастар ұйымдары, сондай-ақ қоғам қайраткерлері және блогерлер қатысты.

Жобаның мақсаты – этникалық жастар арасындағы достықты нығайтуға жәрдемдесу, мәдени әртүрлілік қағидаттарына негізделген жастар қауымдастығын дамыту.

Үш күнге жоспарланған лагерь бағдарламасы жастардың әлеуетін дамытуға бағытталып, оның аясында пікірталас алаңдары, оқыту тренингтері, мотивациялық кездесулер, спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жоба аясында шақырылған спикерлер жастарға азаматтық құндылықтарды дамыту және қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған мәдениетаралық коммуникацияларды ілгерілету бойынша дәрістер өткізді.

Жалпы, жастар лагерінде 6 мотивациялық кездесу, 2 оқыту тренингі, 5 спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Бұл жетістік – жас жеткіншектердің тынымсыз еңбегінің, жетекшінің кәсіби шеберлігінің, сондай-ақ ата-аналар мен білім ордасының жан-жақты қолдауының нәтижесі

admin_altyalash

Жыл басынан бері 16 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

admin_altyalash

Асық ату— кәсіби спорт түріне айналды

admin_altyalash