Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетӨнер

Астанада «Көшпенділер рухы: шексіз көкжиек» атты халықаралық фотокөрме ашылды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында Астанада «Көшпенділер рухы: шексіз көкжиек» атты фотокөрме ашылды. Көрмеге қазақстандық Анзор Гасаев пен Александр Кузнецовтың, сондай-ақ британдық Конор Макнейл мен венгриялық Шандор Карачонның бірегей кадрлары қойылған.

Көрменің ашылуына дипломаттар, инфлюенсерлер мен өнер сүйер қауым қатысты.

Көрмеде көшпенділер әлемімен қайта қауышқандай әсерге бөлейтін керемет пейзаждар мен портреттер, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен таңғаларлық фотосуреттер ұсынылды.

Сондай-ақ, көрме қонақтары қазақтың киіз үйінің инновациялық эко-жобасын, дәстүрлі және заманауи технологияларды қатар қолдану арқылы киіз бен жүннен жасалған бірегей бұйымдарды тамашалай алады.

«Көшпенділер рухы: шексіз көкжиек» көрмесі Астана қ., Сығанақ көш., 60/5 мекенжайы бойынша өтіп жатыр. Көрме 17 қыркүйекке дейін жалғасады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазіргі медицина: ашықтықты,технологиямен, біліммен, тәжірибемен алмасуды талап етеді

admin_altyalash

Алматылық жөспірімдер түнгі клубта жанжал шығарды

admin_altyalash

Астанадағы төрт этноауылда мерекелік концерттер өтеді

admin_altyalash