Көшпенділер ойындарының дүбірі «Ұлы дала жорығынан» басталады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Көшпенділер ойындарының дүбірі «Ұлы дала жорығынан» басталады

23.08.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

3-7 қыркүйек аралығында елімізде халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді. Оған шет мемлекеттерден 10-ға жуық команда қатысады. Отандық командалардың саны – 9. Қазір қатысушыларды тіркеу аяқталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

«JORYQ» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің басты мақсаты – ұмыт бола бастаған жылқы тұқымдарын қайта жаңғыртып, олардың әлеуетін халықаралық деңгейде насихаттау.

«Ұлы дала жорығы» жобасының негізгі бағыттарының бірі – қолтума жылқылардың екінші тынысын ашу. Үш жылдан бері өткізіліп келе жатқан жорықтың арқасында қолтума жылқылардың бағасы бірнеше есе өскеніне куә болдық. Бұған дейін «бәйге аты», «көкпар аты» деген түсінік болса, енді ол қатарға «жорық аты» қосылды, – деді Бақытжан Тұрлыбеков.

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бастауы болады. Сонымен қатар өзге мемлекеттер көшпенділер өркениетінің қазіргі үлгісін осы жорықтан көре алады.

Бұл бастама аясында қазақ жылқыларын шетелдік жылқы тұқымдарымен салыстырып, олардың шыдамдылығын, ұзақ қашықтыққа төзімділігін, жалпы әлеуетін көрсетеміз. Бұл додаға шетелден қарашай, кабардин, араб, татар, башқұрт, жаңа қырғыз жылқы тұқымдары қатысады, – деді «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті.

Байрақты бәсеке Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай қонысынан басталып, Астана қаласында аяқталады. Жарыс басталатын Ботай қонысы кездейсоқ таңдалмаған, мұнда 44 жыл бұрын археолог-ғалымдар сенсациялық жаңалық ашқан болатын. Олар осы аумақтан 100-ге тарта артефактілер тауып, Солтүстік Қазақстан жерінде қамбар ата түлігі ең алғаш қолға үйретілген деген тұжырым жасады.

«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Қуаныш Шақшақовтың айтуынша, дәл осы жерде жылқы шаруашылығының дамығанына дәлел болатын археологиялық жәдігерлер көптеп табылған.

Сондай-ақ, Ботай қонысының маңына қазақ мәдениеті мен дәстүрін дәріптейтін үлкен этно-ауылдың құрылысы жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, республикалық «JORYQ» ат спорты федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге «Көкпар», «Бәйге», «Садақ ату», «Теңге ілу», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Құсбегілік», «Асық ату» және тағы басқа федерациялар бар. Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.

Айта кетсек, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі – ALAGEUM ELECTRIC, ойындардың бас серіктесі  – Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астанада ауыр және ірі көлемді көліктеріне 3 миллион 700 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒЗИ ӘДІСТЕРІ ӘЛЕМ БОЙЫНША МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРЫНДА ҚОЛДАНУҒА ҰСЫНЫЛДЫ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.