Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Аида Балаеваның атынан жалған ақпарат тарады

Фото: Ақорда

Мәдениет және ақпарат министрлігі министр Аида Балаеваның атынан WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат тарағанын мәлімдеді, деп хабарлайды altyalash.kz

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және осы арна арқылы таратылатын хабарламалар тікелей министрден емес екенін ескертеміз. Министрлік азаматтарды абай болуға және алаяқтардың арандатуына ермеуге шақырады», – делінген хабарламада.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан мәлімдемелер мен хабарламалар тек ресми байланыс арналары арқылы жарияланады.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда түнде жауған қар тазартылды: коммуналдық қызмет негізгі жұмысты аяқтады

admin_altyalash

ДАРИЯН АУЫЛЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ЖОЛ АШЫЛДЫ

admin_altyalash

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 400-ге жуық үйдің құрылысы басталды

admin_altyalash