Маңғыстау облысында 542 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді. – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Маңғыстау облысында 542 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді.

26.08.2024
0
Маңғыстау облысында 542 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді.

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Маңғыстау облысында 542 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді.

Қазіргі уақытта елімізде Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының 2023 – 2027 жылдардағы жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

«Amanat» партиясының жол картасында 2023 – 2027 жылдар аралығында Интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 35 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын объектілердің 20 %-ы бейімделуге жатады.

Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%. Қазіргі уақытта ел бойынша 16 541 объект толығымен бейімделген.

Осы жылдың соңына дейін Маңғыстау облысы бойынша 622 нысанды бейімдеу жоспарланған, оның ішінде қазіргі уақытта 542 объект бейімделген.

Мәселен, өңірдегі 542 объектінің ішінен төмендегі объектілер мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қол жетімді:

– мемлекеттік ұйымдар – 74;

– денсаулық сақтау объектілері – 84;

– білім беру объектілері – 237;

– мәдениет нысандары – 26;

– сауда және қызмет көрсету объектілері – 77;

– спорт нысандары – 8;

– әлеуметтік қорғау объектілері – 4

– көлік инфрақұрылымының объектілері – 2.

– тамақтану орындары – 10;

– басқалары – 20.

«Ақтау қаласында соңғы уақытта мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны ұйымдастыру тұрғысынан жағдай айтарлықтай жақсаруда. Мәселен, әуежайда пандус пен амбулифт орнатылды, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың ыңғайлылығы үшін санитарлық-тұрмыстық орындар бейімделді, сондай-ақ «Дина», «Анвар» гипермаркеттеріндегі жағдай айтарлықтай жақсарды, атап айтқанда, кіру топтары, тактильді жолдар мен көрсеткіштер орнатылғын. Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдар еркін жүре алатын теңіз жағалауындағы серуендеу аймағын атап өткім келеді», – деді бірінші топ мүгедектігі, бар Ақтау қаласының тұрғыны Жасұлан Дауылбаев.

Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау шеңберінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік және т. б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 128 тексеру жүргізді, оның ішінде: 17 – жоспардан тыс тексерулер, 11 – профилактикалық бақылау шеңберінде және 100 прокуратураның талабы бойынша тексерулер болды.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 14 ұйғарым берілді, 16 млн теңгеден астам сомаға 67 әкімшілік айыппұл салынды.

Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Біздің оқушылар IGeO-2024-те еліміздің қоржынын тағы 4 медальмен толықтырды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БИБІСАРА АСАУБАЕВА – ГРАН-ПРИДІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.