АЭС құрылысы бизнестің дамуына зор серпін береді – Райымбек Баталов – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

АЭС құрылысы бизнестің дамуына зор серпін береді – Райымбек Баталов

27.08.2024
0
АЭС құрылысы бизнестің дамуына зор серпін береді – Райымбек Баталов

Бүгін Үкімет Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы бастама көтерді. Біздің алдымызда еліміздің одан әрі экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуының векторын айқындайтын маңызды таңдау тұр.

Референдум қарсаңында еліміздің бірнеше өңірлерінде қоғамдық тыңдаулар өтті. Мамандар бұл тақырыпты қызу талқылап, түрлі пікірлерін білдіруде. Олардың көпшілігі Қазақстанның бейбіт атом энергиясынан қуат алатын алпауыт ел болғанын қалайды.

Ел болашағын айқындайтын жауапты шешімнен Ұлттық палата да шет қалмады. Біз әлемдік тәжірибеге, осы саладағы ғалымдар мен мамандардың – сала мамандарының дәлелдеріне сүйенеміз.

Өздеріңіз білесіздер, «Атамекен» сарапшылары түрлі алаңдарда өз ұстанымдарын дәлелдеп келеді.

Ұлттық палата Үкіметтің бұл бастамасын толығымен қолдайды. Атом электр станциясының құрылысы отандық бизнестің дамуына қуатты серпін беретініне нық сеніммен айта аламыз.

Мен бірнеше маңызды аспектілерді қысқаша атап өтейін.

Біріншіден, АЭС тұрақты энергиямен қамтамасыз ететін негізгі көз болып табылады. Бұл бизнесті дамытуға керемет мүмкіндік. Әсіресе, тау-кен және металлургия, машина жасау, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және басқа да көптеген энергияны қажет ететін салалар үшін маңызды.

Жалпы, шағын және орта бизнес көміртекті бейтараптықты табысты іске асыру үшін электр энергиясын жеткізуді қажет етеді. Елімізге барлық шикізаттық емес салаларды әртараптандыру қажет. Бірінші кезекте – бұл жаңартылатын энергетика және атом энергетикасы үшін таза энергияның базалық генерациясына айналуы мүмкін. Аталмыш саланы қолға алу – біздің экспорттық өнімді сатуға арналған көміртегі салығын азайтуға мүмкіндік береді.

Екіншіден, АЭС салу және пайдалану ілеспелі салалардың дамуын ынталандыратын озық технологияларды, соның ішінде ІТ және инновациялық шешімдерді енгізуді талап етеді. Соңғы екі жылда біздің мамандар Түркия және басқа да өңірлерге барып, шағын, орта және ірі бизнестің жаңа технологиялармен жұмыс істеудің қыр-сырын меңгеріп келді.

Үшінші маңызды аспект – жұмыс орындарын құру және адами ресурстарды дамытуға байланысты. Осы тұрғыда білім беру мәселесін де айта кеткен жөн. Жоғары технологияларды меңгеру шағын, орта және ірі бизнестің дамуына сөзсіз серпін береді.

Жалпы, біз бұл шешімді қолдаймыз және экономикамыздың дамуына елеулі мультипликативтік әсер беретініне сенімдіміз.

 

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы

Райымбек Баталов

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Таймас» жұмсақ жаздық бидайдың жаңа сортының сапасы шетелдік және отандық селлекциялық сорттардан әлдеқайда жақсы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.