«Менің Қазақстаным»: Астанада өткен флешмобқа 500-ден астам ардагер қатысты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Маусым 10, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Менің Қазақстаным»: Астанада өткен флешмобқа 500-ден астам ардагер қатысты

28.08.2024
0
«Менің Қазақстаным»: Астанада өткен флешмобқа 500-ден астам ардагер қатысты

30 тамыз – Конституция күніне орай елорданың Алматы ауданы Ардагерлер кеңесі ауқымды іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ою-өрнекпен әдіптелген ұлттық киім киген ақ жаулықты аналар мен ақсақалдар Отанға деген сүйіспеншілік пен еліміздің Ата заңын қастерлеу сияқты ізгі қасиеттерді өскелең ұрпақтың бойына сіңіру үшін таңертеңгілік «Қазақ елі» монументінің жанына жиналды.

«Конституция күні қарсаңында Алматы ауданы әкімдігінің қолдауы және осы ауданның ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» деген ұран-лейтмотивімен флешмоб өткізіліп отыр. Бұл іс-шараны өткізу біздің ардагерлер үшін 3 жылдан бері өзіндік дәстүрге айналды. Флешмобқа алғашқы жылы 150 ардагер қатысқан болса, одан кейінгі жылы 300 зейнеткер атсалысты. Биыл 500-ден астам қариямыз ұрпақ сабақтастығын өнегелі үлгісімен жалғау үшін жұдырықтай жұмылды. Флешмобқа ауданның барлық ниет білдірген үлкендерін шақырдық. Олар дайындыққа да, іс-шараның өзіне де бар ынтасымен атсалысып отыр. Тойға келгендей ұлттық киіммен келген ардагерлердің сән-салтанаты бүгінгі шуақты күнмен астасып, алаңды нағыз мерекеге айналдырып жіберді», – деді Алматы ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Мұстафин.

Алматы ауданы Ардагерлер кеңесі медиатобының мүшесі, ардагер журналист Баян Бұлғақбаева бүгінгі іс-шараның тәрбиелік мәні зор екенін айтты.

«Бүгін «Қазақ елі» монументінің қасында көрнекті де мән-маңызы зор көрініс қойылып отыр. Жасы 60-ты алқымдап, 80-ге тақаған қарттарымыз келешек ұрпаққа үлгі көрсетейін деп орамалын тағынып, шапандарын жабынып, осы іс-шараға бір кісідей жиналғанының өзі – бір ғанибет, үлкен құптарлық іс. Біз, ардагерлер, ел азаматтарының Ата Заңымызды қадірлеп, соның жолында еңбек етсек, болашағымыз жарқын болатынына сенеміз», – деді Алматы ауданы Ардагерлер кеңесі медиатобының мүшесі, ардагер журналист Баян Бұлғақбаева.

Ол осыншама көп ардагерді жинап, дайындаудың өзі үлкен күш-жігерді талап ететінін айтып, бұл тұрғыда флешмобтың идея авторы және режиссері, мәдениет саласының ардагері Раушан Ысқақованың еңбегі зор екеніне атап өтті.

Флешмобта ардагерлер әнұран шырқап, көк туды желбіретті. 500 ардагер ел байрағындағы жарқыраған күн мен қалықтаған қанатты бейнеледі. Аталған көрініс дронмен таспаға түсіріліп алынды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Түркістанда этносаралық қатынастарды нығайту бойынша семинар өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Астанада жұмыс және маман іздеуге арналған платформа іске қосылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.