АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА НЕСИЕ АЛУДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ ҚАЖЕТ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА НЕСИЕ АЛУДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ ҚАЖЕТ

02.09.2024
0
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА НЕСИЕ АЛУДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ ҚАЖЕТ

фото:ашықдереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында ауыл шаруашылығы саласына айрықша маңыз беру керек екенін айтты. Экономиканың негізгі драйвері саналатын бұл саланы дамытуға ерекше назар аударылу қажет. Ең алдымен, шаруа үшін маңыздысы – несие алуды оңтайландыру. Президенттің Жолдауда басымдық берген мәселелерінің бірі осы. Тасқын судың кесірінен болған қиындықтарға қарамастан, шаруалар өз қызметтерін атқара алды. Бұрынғымен салыстырғанда биыл егін науқанына 2 есе көп қаражат бөлінгенін де айта кету керек. Дегенмен салаға бюджеттен бөлінген қаржының басым бөлігі, яғни, 70 пайызы – мемлекеттен. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тұрғыда банктердің де үлесін арттыру қажеттігіне маңыз берді.

«Бұл салаға коммерциялық банктердің қаражатын да тарту қажет. Диқандарға өсімі аз несие беру үшін мемлекеттік қаржы институттарын субсидиялау шаралары қолға алынды. Банктерге қатысты осындай тәжірибені қолдану керек. Мұның бәрі шаруаларды айналымға қажетті қаражатпен шұғыл қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық қатерін азайтуға және несие алуды оңтайландыруға жол ашады» – деді мемлекет басшысы өз Жолдауында.

Бұл саланы дамытудың бірден бір жолы – арзан несие беру. Сарапшылар да Президенттің бұл бастамасын қос қолдап қолдап отыр. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің экономика PhD доктаранты Үкібай Нұрпейісовтің айтуынша, агробанктер іске қосылса, өнім көлемі де көбейеді.

«Мен Президенттің ауыл шаруашылығына қатысты бастамаларын қолдаймын. Ең маңызды тақырыптардың бірі – егістік алаңдарын көбейту және елді-мекендердің әлеуметтік жағдайын түзеу. Мемлекет басшысы кейбір егістіктердің іс жүзінде емес, қағаз жүзінде екенін айтты. Өкінішке қарай, бұл шындық. Меніңше, елімізде агробанктерді іске қосу керек. Сонда ғана шаруашалрдың жауапкершілігі артып, халықты жұмыспен қамтуға, ауылдың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына едәуір үлесін қосады. Әрі соңғы 5 жылда өнім көлемі де көбейеді» – деді Үкібай Нұрпейіс.

Ауыл шаруашылығы саласындағы ірі бағдарламалардың бірі «Ауыл аманаты» нәтижеді істер атқарып келеді. Онымен қоса «Бір ауыл – бір өнім» бағдаралмасы іске қосылғалы тұр. Егер сарапшы айтқандай, агробанктер арқылы даму мүмкіндігі туса, ауылдардан шағын брендтер пайда болады.

Мемлекет басшысы бөлінген қаржының «бармақ басты, көз қысты» жолымен жоғалып кетпесі үшін, тиімді жұмсалғанын тексеріп отыру қажеттігін айтты. Алайда шындыққа жанаспайтын ақпарат беріп, жалған статистика жасау шынайы ахуалды білуге және бағалауға кедергі екені де мәлім. Арнайы комиссиясының анықтауынша, 2 миллион ірі қара және 3 миллионнан астам уақ мал санда бар, санатта жоқ екенін анықтаған. Егін шаруашылығында да дәл соы мәселе. Субсидия алу үшін көзбояулышылқ жасайтындардың жолын кесу міндеті тұрғанын мемлекет басшысы тілге тиек етті.

Ж.Жұманбаева

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жолдауда жүзге жуық түрлі бастамалар, ұстыныстар және тапсырмалар бар

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Түркістан облысынан қаңлы мәдениетіне тиесілі жәдігерлер табылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.