фото:ашықдереккөз
Қазақстан – логистикалық әлеуеті жоғары елдің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халыққа жолдауында ел экономикасын дамытуға қатысты біршама мәселелерді көтерді. Президент экономика секторын дамыту мақсатында мемлекеттік бюджетке қарап отыра беруге болмайтынын айтты. Жалпы елге инвестиция тарту бағыты аса маңызды. Сонымен қатар іскерлік байланысты дамыта отырып, инвесторларға қолайлы жағдай жасаға мән берілуі тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сөзін экономистер де қолдап отыр. Әсіресе, өз өнімдерімізді өзндуріге қатысты мәселе күн тәртібінде тұр.
«Біз көршіміз Қытаймен жасқы қарым-қатынаста бола отырып, бірігіп жұмыс істеп көруіміз керек. Елімізде зауыттар ашсақ, өзімізге де тиімді болар еді. Дайын асқа тік қасық болып, шетелдің тауарын тұтынып отыра беруге болмайды. Керісінше, өзіміз өндірсек, экономикалық жағдай да өзгереді» – деді ол.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері экспорт көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға өскені байқалады. Бұл шамамен – 28,6 млрд доллар. Ал импорттың үлесі – 16,1 млрд доллар. Қазақстан бюджетіне 1,3 трлн теңге кедендік төлемдер мен салық түскен.
«Логистиканың мүмкіндіктерін енді-енді пайдаланып жатырмыз. «Төлем балансы» деген құжат бар. Экспорт пен импорттың байланысын тексеретін. Сонда біз өзіміздің өндірген жүктерімізді дүниежүзіне сату үшін 12 млрд долларлық транспорттық төлем төлейміз. Себебі Қытайға шығу үшін Сары теңізге дейін 3000 км, Петербургке дейін 2000 км, Украинаға дейін 1500 км. Шетке шығу өте қиын. Мына көрші мемлекеттерге сол үшін ақша төлейміз» – деді экономист.
Президент Үкіметке салық төлеуге қатысты жағдайды түзеуді тапсырды. Яғни, кәсіпкерлерге салық режимін оңтайландырып, қиындықтарды жою керек. Мәселен, бөлшек салық енгізілсе, бизнес өкілдері үшін тиімді болмақ. Дегенмен бұл режим тек халықпен тікелей жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қатысты жүзеге асуы тиіс.
«Фискалды реформа табысты болсын десек, салықтық әкімшілендіру ісін жаппай цифрландыру керек. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты сын-қатерлерді барынша азайтып, салық саласындағы үдерістердің ашық болуын қамтамасыз ету үшін оны тезірек электронды форматқа көшірген абзал» – деді Қасым–Жомарт Тоқаев.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz