Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

“Жүргізуші тірідей өртеніп кетті”: БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды

Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты салдарынан ер адам көлікте тірідей өртеніп кетті, – деп хабарлайды altyalash.kz mgorod.kz  порталына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 1 қыркүйек күні шамамен сағат 13.20-да Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тасжолында болған.

– Алдын ала болжам бойынша, Volkswagen Passat жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Subaru-мен соқтығысқан, – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Жол апаты салдарынан Volkswagen жанып кетті. Салонда отырған жүргізуші де тірідей өртеніп кеткен. Ал Subaru-да отырған жолаушы оқиға орнында мерт болды.

Subaru-дың жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алған. Олар ауруханаға жеткізілді. Жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жетісу облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты

admin_altyalash

Шахматты бұқаралық деңгейде дамытуға бағытталған маңызды бастама.

admin_altyalash

Түркістан облысында депутат кәсіпкерді соққыға жықты

admin_altyalash