«Тазы – ежелгі қазақы ит тұқымы». FCI-дың әдепкі шешімі жарияланды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Маусым 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Тазы – ежелгі қазақы ит тұқымы». FCI-дың әдепкі шешімі жарияланды

04.09.2024
0
«Тазы – ежелгі қазақы ит тұқымы». FCI-дың әдепкі шешімі жарияланды
Фото: «Dara» президенттік бастамалар қоры

 – Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) Бас комитеті қазақ тазысын («Kazakh Tazy») ресми түрде ит тұқымы деп әдепкі (алдын ала) тану туралы шешім қабылдады, Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді.

Бұл шешім – қазақы тазы тұқымын халықаралық деңгейде толық тану яғни мойындау алдындағы негізгі әрі соңғы кезең, деп хабарлайды ҚР Президентінің Іс Басқармасының баспасөз қызметі.

«Бүгін сіздердің елдеріңіз үшін де, біз үшін де тарихи күн. FCI Стандарттау жөніндегі комиссиясы мен FCI Ғылыми комиссиясы ұзақ рәсімдерден кейін Бас комитетке осы тұқымды тіркеуді ұсынды. Құттықтаймын! Алдағы уақытта сіздерді 10 жылға созылатын жұмыс күтіп тұр. Осы уақыт ішінде иттердің денсаулығына көптеген тестілер жасалып, жаңадан туған тазы күшіктерінің статистикасы жүргізіледі, бұл деректер FCI Ғылыми комиссиясы үшін қажет. Иттердің денсаулығы мен жай-күйі қазіргі таңда өте маңызды мәселелердің бірі. FCI Қазақстандағы тазы тұқымының жүйелі дамуын бақылап отырады», деді FCI президенті Тамаш Яккель.

Естеріңізге сала кетейік, қазақы ит тұқымдарын сақтау, сондай-ақ оларды халықаралық деңгейде таныту мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2022 жылдан бастап ҚР Президенті Іс басқармасының қарауына алынған болатын. Өкілетті орган ретінде Экология және табиғи ресурстар министрлігі белгіленген.

Өткен 2 жыл ішінде осы бағытта елеулі жұмыс атқарылды: тиісті заңдарға өзгерістер енгізілді, тазы стандарты бекітілді, ғылыми зерттеулер жасалып, асыл тұқымды иттердің байқаулары мен көрмелер өткізілді.

Ит тұқымын Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) толыққанды мүшесі саналатын Ұлттық кинологиялық ұйымдар арқылы ғана тіркетуге болады.

2023 жылдың тамызында Қазақстан кинологтары одағы Халықаралық кинологиялық федерацияның барлық талаптарын орындап, оның толыққанды мүшелігіне қабылданды. Сөйтіп өзінің ұлттық ит тұқымдарын жариялау құқығына ие болды.

«Біз «Kazakh Tazy» дербес тұқымын таныту үшін Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) барлық талаптарын орындадық. Соның ішінде еліміздің әртүрлі аймақтарында асыл тұқымды иттерді кең ауқымды тексеру жүргізілді. Иттер маңызды генетикалық зерттеулер қамтылған Кешенді медициналық тексеруден өтті, соның арқасында қазақы тазының бірегейлігін айқындайтын бұлтартпас айғақтар ұсындық. Тарихи зерттеулерде 4 мың жылдан астам тарихы бар ит тұқымының шығу тегі мен дамуы толық қамтылып, «қазақы тазы» тұқымының атауы түпкілікті бекітілді. Арнайы монотұқымды иттер көрмесін ұйымдастырып, FCI-дың Стандарттау және ғылым комиссиясының мүшелері тазы тұқымына жататын 100 итті зерттеуіне мүмкіндік туғыздық. Осы еңбектің нәтижелері негізінде бүгін FCI Бас комитетінің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақ тазысы ресми түрде әлемдік деңгейде танылды. Тазы – біздің мәдениетіміз бен тарихымыздың ажырамас бөлігі, сондықтан біз ұлттық ит тұқымын сақтау әрі насихаттау үшін бар күшімізді салуымыз керек. Бұл күн шежіреде тарихи күн ретінде қалатынына сенімдіміз», – деді Қазақстан кинологтары одағының президенті Бауыржан Серікқали.

Осыған дейін Астанада халықаралық көрме өтіп, есепке қойылған қазақы тазылар артып келетіні туралы жаздық.

Осы жиын барысында Қазақстан кинологтары одағының президенті Бауыржан Серікқали «Тазы қазақ бренді болып ресми тіркеле ме ?» деген сауал төңірегінде сұхбат берген еді.

тазы
Фото: ҚР Президентінің Іс Басқармасы

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Елордада жас ақын-жазушылар арасында байқау жарияланды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бүгін “Ұлы дала жорығы” халықаралық ат бәйгесінің екінші күні

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.