Қазақстанда көптен күткен «Стоп, ночь»фильмі көрерменге жол тартты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда көптен күткен «Стоп, ночь»фильмі көрерменге жол тартты

05.09.2024
0
Қазақстанда көптен күткен «Стоп, ночь»фильмі көрерменге жол тартты

фото:gov.kz

Бүгін Қазақстан кинотеатрларында көптен күткен «Стоп, ночь» толықметражды киномюзиклі көрсетіле бастады. Фильм шығу тарихымен, ерекше музыкалық нөмірлерімен және қызықты актерлік құрамымен көрермен назарын аударды. Туынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілді.

▪️Сюжет желісі арманы асқақ жас музыкант Бейбіттің айналасында өрбиді. Бейбіт өз мұраты мен әкесінің алдындағы жауапкершіліктің ортасында тепе-теңдік табуға тырысады. Ол – шығармашылыққа құштар, мақсаты айқын, күш-жігерге толы жан. Кейіпкердің өмірінде бәрі жоспар бойынша жүріп жатады, бірақ кенеттен күтпеген оқиға орын алады. Туынды махаббат, достық, шығармашылық тақырыбын қозғайды.

▪️Кинокартинада «A’Studio» тобының 17 әні шырқалады. Мюзиклде тыңдармандардың сүйікті хитіне айналған «Стоп, ночь!», «Солдат любви», «Тик-так» сияқты басқа да әндер орындалады. Көрерменге тосын сый ретінде топтың алғашқы альбомындағы «Алмата» әні қазақша шырқалады. Фильмдегі әндерді «A’Studio» тобының негізін қалаушы, продюсер Байғали Серкебаев өңдеген.

▪️«Стоп, ночь» мюзиклі – бұл қазақстандық киноны дамытудағы жаңа қадам, 1958 жылы «Біздің сүйікті дәрігер» фильмімен Шәкен Айманов бастап берген киномюзикл жанрының жалғасы. Продюсер Байғали Серкебаев бұл картина қазақстандық мюзикл тарихындағы жаңа кезең болатынын атап өтті.

Фильмнің режиссері Фархат Шарипов болды. Музыкалық сахналарды қоюға 500-ден астам биші қатысқан.

«Стоп, ночь» киномюзиклін Қазақстан кинотеатрларынан көруге болады.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жанашыр жандардың көп екені көңіл қуантады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«АЭС өңірлердің өсуі мен жаңғыруының факторы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.