Жанашыр жандардың көп екені көңіл қуантады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Шілде 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жанашыр жандардың көп екені көңіл қуантады

05.09.2024
0
Жанашыр жандардың көп екені көңіл қуантады
фото: ашық дереккөз
Биыл 18 мың адам қатысқан «Игі істер марафонын» өткізу тәжірибесі жалғасты.

2012 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 5 қыркүйек Халықаралық қайырымдылық күні болып бекітілді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева facebook парақшасында жазды.

“Қайырымдылық барша адамзатты ортақ мүддеге біріктіріп, ізгілікке жол ашады. Бұл игі дәстүр өскелең ұрпаққа үлгі болып, әрі олардың жақсылық жасауға, мұқтаждарға көмек беруге деген ұмтылыстарын арттырады.

Өздеріңізге белгілі, халқымызда ежелден келе жатқан «Асар» деген тамаша дәстүр бар. Қанымызға сіңіп, болмысымызбен біте қайнасқан игі дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тарихтың ең қиын кезеңдерінде өзімізді ұлт ретінде сақтап қалуға сеп болды. Қазақ халқының бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ауқымды да ауыр жұмыстарды бірлесе атқаратын бұл дәстүрі әлі де жалғасып келеді.

Бүгінде еліміздің меценаттары қатарында ірі, орта және шағын бизнес өкілдері, қайырымдылық ұйымдары мен қарапайым жанашыр азаматтар жетерлік.

Біздің қоғамда мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, өз жерлестерінің өмірін жақсартуға үлес қосуға дайын жанашыр жандардың көп екені көңіл қуантады. Олардың ақадал көңілі, өнегелі өмірі, ізгі қоғам құруға деген ұмтылысы көпке үлгі болуда.

Мәселен, көктемгі су тасқыны бәрімізге үлкен сынақ болды. Тілсіз жаумен күрес Қазақстан халқын одан сайын біріктіре түсті. Сөйтіп, бұл сынақты ұлт болып ұйысып, ел болып бірге еңсердік. Министрліктің бастамасымен қолға алынған «Күшіміз бірлікте» акциясына 50 мыңға жуық волонтер мен қайырымдылық ұйымы қатысып, 15 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды.

Мемлекет өз тарапынан қайырымдылық саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. Меценаттарды ынталандыру шаралары қарастырылып, «Шапағат» медалі мен Құрметті атақ тағайындалды.

Биыл 18 мың адам қатысқан «Игі істер марафонын» өткізу тәжірибесін жалғастырдық.

Біздің министрлік қайырымдылықты кеңінен насихаттау, қайырымдылықтың жаңа мәдениетін қалыптастыру, өскелең ұрпақты мейірімділік, жанашырлық, сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерге тәрбиелеу бағытындағы жұмысын жалғастыра береді.

Құрметті қайырымды жандар!

Сіздердің әр күніңіз мейірімге және әлемді жақсартуға деген ұмтылысқа толы болсын.

Сіздердің игі істеріңіз әлемді ізгілік пен сәулелі сәттерге толтырады.

Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт пен толайым табыс тілеймін. Абыройлы миссияны одан әрі жемісті жалғастыра берулеріңізге тілектеспін. Еліміз аман, бірлігіміз бекем болсын!”.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: елордада бірнеше жерде этноауыл ашылады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанда көптен күткен «Стоп, ночь»фильмі көрерменге жол тартты

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.