Астанада балалар арасында бұқаралық спортты дамыту туралы меморандумға қол қойылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Тамыз 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Астанада балалар арасында бұқаралық спортты дамыту туралы меморандумға қол қойылды

06.09.2024
0
Астанада балалар арасында бұқаралық спортты дамыту туралы меморандумға қол қойылды

Астана қаласы Білім басқармасы мен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Алғаш рет жасалып отырған бұл құжат елордалық білім алушылар арасында бұқаралық және балалар спортын дамытуға мүмкіндік береді.

Айтулы жиынға елордалық Білім басқармасының өкілдері, мектеп директорларымен қатар, қалалық спорт басқармасына қарасты мекеме өкілдері қатысты.

«Біздің ортақ мақсатымыз – білімді жас ұрпақты тәрбиелеп қана қоймай, оларды салауатты өмір салтына баулып, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында спорт саласындағы заңнаманы жаңарту қажеттілігін атап өтті. Соған сәйкес бастама бұқаралық және балалар спортының дамуына қуатты серпін береді, болашақ чемпиондардың жаңа буынын қалыптастырады.

Білім алушыларға бір табан жақын болу арқылы дені сау әрі озық ойлы жастар өсіп шығады деп білемін. Бұл ынтымақтастық спорт пен білім беру үдерісін интеграциялау үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін», – деді өз сөзінде елордалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит.

Меморандум білім беру ұйымдарында дене шынықтыру мен спортты дамытуға, сондай-ақ Астана қаласының мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен кәсіби спортшылар арасында тәжірибе алмасуға және оқушылар мен студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталады.

«Бұқаралық және балалар спортын дамытуға қатысты келісімнің жаңа оқу жылында жасалғаны қуантады. Білім беру ұйымдарының спорт залдары мен кәсіби жаттықтырушылардың әлеуетін тиімді пайдаланып, саламатты ұрпақ қалыптастыру жолға қойылады. Әсіресе мектептерде оқушылар үшін қолайлы жағдай жасауға айрықша басымдық беріледі.
Астанада 60 мыңнан астам бала спортпен айналысады. Көрсеткіш «ArtSport» және «Damu Bala» секілді бағдарламалардың нәтижесінде өсіп отыр. Ендігі кезекте бұл меморандум аясында спортқа қызыққан оқушылар саны бұдан да артады деп білемін», – деді қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.

Кездесу барысында алдағы уақытта бірлесе атқарылатын жұмыстардың жоспары талқыланып, ұсыныстар айтылды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астанада «Ахмет – ұлт ұстазы» атты мәдени-танымдық кеш өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алматыдан Бішкекке дейін: «Ұзынағаш – Отар» жолындағы жұмыс барысы

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.