Елордада отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған іс-шара өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Тамыз 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елордада отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған іс-шара өтті

06.09.2024
0
Елордада отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған іс-шара өтті

Қазақстанда 2013 жылдан бастап қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтеді. Биыл бұл күн 8 қыркүйекке түсіп тұр. Қоғамның маңызды институты отбасы құндылықтарын дәріптейтін іс-шаралар еліміз бен елордада көптеп өткізілді. Солардың бірі «Отбасылық құндылықтарды дәріптеу» тақырыбындағы жиын Астанадағы Полиция департаментінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жиын модераторы Астана қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ержан Әділбеков қоғамда отбасы әрқашан рухани және мәдени дәстүрдің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болғанын және солай болып қала беретінін жеткізді.

“Отбасы күні біздің қоғамда руханилықты, өнегені нығайтуға, ерлі-зайыптылардың жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді. Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие – өскелең ұрпақтың бақуатты да табысты болашағының кепілі. Отбасылық құндылықтарды, көпбалалықты насихаттау – мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі. Тәуелсіздік жылдары 6 миллионнан аса қазақстандық дүние есігін ашты. Ал ел азаматтарының жалпы саны 19 миллионнан асты. Бұл Қазақстандағы отбасылық-демографиялық саясаттың дұрыстығының, халқымыздың әл-ауқатының артқандығының айғағы”, – деді ол.

Астана қаласы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат бойынша комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжан болашақ жар, ана болатын қыздарымыздың тәрбиесіне мұқият қарау керектігін айтты.

“Былтырдан бері елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы біраз іс-шаралар қолға алынды, заң тарапынан да оң өзгерістер болды. Соларды іске асыратын азаматтар ретінде сіздерге қыз баланың қоғамдағы орны туралы айтқым келеді. Біздің ата-бабаларымыз баланың тәрбиесіне өте мұқият қараған. Осы ретте баршаңызды жұмыстың қауырттығына қарамастан балаларыңызға дұрыс көңіл бөлуіңізді сұраймын, еліміздің абыройы мен отбасы ұйытқысы болатын қаракөз қыздарыңыз бен қарындастарыңызға қамқор болып, тәрбиесіне мән берсеңіздер”, – деді Н. Мақжан.

Сонымен қатар, Астана әкімдігі жанындағы балалар құқығын қорғау жөніндегі комиссия мүшесі, «Әкелер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, «Әкелер одағы» бірлестігі Астана қалалық филиалының бастығы Бекдайыр Күзембай қоғамдағы, жалпы отбасындағы әкелердің рөліне тоқталды.

Жиында “Сенімен Болашақ” РҚБ өкілі Индира Тоқмурзина да сөз сөйлеп, тәртіп сақшыларының қоғамды толғандырған сұрақтарына жауап берді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан жүлделі оралды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада “Көшпенділер Әлемі” этноауылы ашылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.