Олжас Бектенов Ақмола облысында әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуымен танысты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Олжас Бектенов Ақмола облысында әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуымен танысты

06.09.2024
0
Олжас Бектенов Ақмола облысында әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуымен танысты

Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралады. Степногорск қаласындағы Viamedis емханасында отандық денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін қолданудың тиімділігі бағаланды. Сондай-ақ Мәншүк Мәметова ауылындағы «Әдемау» мемлекеттік бөбекжай-бақшасында болды.Бұл туралы altyalash.kz хабарлайды.

Үкімет басшысына Viamedis емханасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынғаны туралы баяндалды. Бүгінгі таңда жобалық қуаты бір ауысымда 1020 адамды қамтитын медициналық мекеме Степногорск пен жақын маңдағы елді мекендердің 64 мыңға жуық тұрғынына қызмет көрсетеді.

Мекеме құрамында күндізгі стационар, мамандандырылған хирургиялық және терапевтік көмек бөлімшесі, Фтизиатрия орталығы және клиникалық-диагностикалық зертхана бар. Сонымен қатар компания Қосшы қаласында көпсалалы өңірлік аурухананың құрылысын бастады.

Премьер-Министр медициналық қызметтердің сапасын одан әрі арттырудың және инфрақұрылымды жаңғыртудың маңызын атап өтті.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында айтқандай, отандық денсаулық сақтауды дамыту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы ресурстарды белсенді түрде тарту қажет. Жалпы МЖӘ жобаларын іске асыру бизнестің денсаулық сақтау саласын дамытуға және қолдауға қатысуы біз үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Сондықтан МЖӘ моделін белсенді қолдану үшін өзекті мәселелерді жедел талдап, шешуіміз керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Премьер-Министр Мәншүк Мәметова ауылында ашылған, бүгінде мектепке дейінгі тәрбие мәселесін шешуге мүмкіндік беріп отырған «Әдемау» бөбекжай-бақшасында болды. Ауданы 600 шаршы метр болатын екі қабатты ғимаратта сәбилерге жайлы жағдай жасалған, қазіргі уақытта бөбекжайға 40 бала барады. Мектепке дейінгі мекеменің жобалық қуаты 2 есе көп – 80 адамға дейін қабылдай алады.

Президент Жолдауында айтылған мақсаттарға сәйкес Үкімет мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін өзгерту бойынша жұмыс жүргізуде. Әрбір отбасының нақты табысын ескере отырып, жаңа тәсілдің сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету қажет.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Елордада қазақ тілін дамыту бойынша қандай іс-шаралар орындалып жатыр?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан жүлделі оралды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.