Олжас Бектенов Ақмола облысының жылу беру маусымына дайындық барысын тексерді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Олжас Бектенов Ақмола облысының жылу беру маусымына дайындық барысын тексерді

06.09.2024
0
Олжас Бектенов Ақмола облысының жылу беру маусымына дайындық барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Президенттің электрмен жабдықтау және жылу коммуникация желілерін жаңғырту және олардың тозу деңгейін төмендету жөніндегі тапсырмаларының орындалуын, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылым нысандарының жылу беру маусымына дайындық барысын тексерді,-деп хабарлайды altyalash.kz.

Үкімет басшысы Степногорск ЖЭО-ның бүгінгі жағдайымен танысты. 1966 жылы пайдалануға берілген нысан бүгінде қаланың тұрғын үй секторы мен кәсіпорындарын, сондай-ақ Заводской кентін жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

Премьер-Министрге Ақмола облысының коммуналдық инфрақұрылымының жылыту кезеңіне дайындығы туралы баяндалды. Бүгінгі таңда қазандықтардың дайындығы 99%-ды құрайды, білім беру нысандары, медициналық мекемелер, тұрғын үйлер тексерілді. Барлық әлеуметтік инфрақұрылым жылыту маусымына толығымен дайын. ЖЭО-да күзгі-қысқы маусымға қажетті отын қорын дайындау кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Биыл Степногорск қаласының жылу желілерін жөндеуге Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді. Ұзындығы 11,3 шақырым учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар Степногорск энергетика кешенінің меншік иесі инфрақұрылым мен коммуникация нысандарын жаңғыртуға 7,9 млрд теңге бөлді. 4 турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталды, қазандықтарды реконструкциялау жалғасуда, жоспарланған 2,6 км жылу желілерінің 1,6 шақырымына монтаждау жұмыстары жүргізілді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар ЖЭО жабдықтарының тозуын 65,6%-дан 61,9%-ға дейін, магистралды желілердің тозуын қазіргі 80,7%-дан 70%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Алайда, әлі де бірқатар түйткілді мәселелер бар, деп атап өтті энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

«Энергия көздерін жаңартуға қаражат салу мен қолға алынған шаралар тозуды біртіндеп азайтады. Дегенмен, тұтыну көлемінің артуын ескерек, іркіліс болу қаупі әлі де бар. Тұрақты сапалы энергиямен және жылумен қамтамасыз ету үшін баламалы көздер құру қажет. Халық қажеттілігін өтеу және жаңа кәсіпорындарды іске қосуды қамтамасыз ету мақсатында атом энергетикасын дамыту тиімді шешім болмақ», — деп баяндады Алмасадам Сәтқалиев.

Қазақстанда жұмыс істеп тұрған стансалардың тозу деңгейі жоғары – 70%-ға дейін жетеді. Елімізде электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3%-ға өсуде. Энергетика министрлігінің болжамына сәйкес, 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну сағатына 152,4 млрд кВт жетеді деп күтілуде. Бұл ретте, қолданыстағы электр стансалары сағатына тек 135 млрд кВт қамтамасыз ете алады.

Премьер-Министр инфрақұрылымды айтарлықтай жаңғырту қажеттігін атап өтті.

«Президент өз Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту бойынша жеке жоба әзірлеуді тапсырғанын білесіздер. Бұл – 2029-2030 жылдарға дейін жалғасатын ауқымды бағдарлама. Мұнда маңызды жұмыс атқарылуы тиіс. Тариф, табиғи монополиялар субъектілерінің қаражаты, бюджет, қарыз қаражаты есебінен шамамен 10 трлн теңге қаржы талап етіледі. Жұмыстар кешенді түрде жүргізілетін болады. Біз елімізде ТКШ жүйесінің қандай күрделі жағдайда тұрғанын түсінеміз. Меншік иелері де, жергілікті билік те, Үкімет те бұл іске аса жауапкершілікпен қарауы қажет. Үкіметтің басты міндеті – тұрғындарға қолайлы жағдай жасау.  Бізде жалпы ел бойынша электр энергиясын тұтыну шамамен 17 ГВт құрайды, ал біз тек 16 ГВт өндіреміз. Яғни, біз энергия тапшылығы бар елміз, көршілес елдерден электр энергиясын сатып алуға мәжбүрміз. Тозығы жеткен желілерді қалпына келтіріп қана қоймай, тұрақты энергетика жүйесін құруымыз керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Халық 6 қазанда өтетін референдумда қолдау білдірсе, қауіпсіздік деңгейі жоғары атом электр стансасы салынып, еліміздегі энергия тапшылығы мәселесі шешіледі әрі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

АРАБ ҚОРЛАРЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА ДАЙЫН

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Астанада «Ахмет – ұлт ұстазы» атты мәдени-танымдық кеш өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.