Қазақстан мен Қырғызстан көкпаршылары финалға өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан көкпаршылары финалға өтті

10.09.2024
0
Қазақстан мен Қырғызстан көкпаршылары финалға өтті

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына бақ сынауға келген көкпаршылар бүгін ширек финалда күш сынасты, – деп хабарлады Aikyn.kz.

Ширек финал ойындары елордадағы «Қазанат» ипподромында өтіп жатыр. Көкпардан Қазақстан құрамасы АҚШ командасын жеңді. Қорытынды есеп: 12:4.

Ширек финалда Қырғызстан көкпаршылары Түркиялық құрама командасын 15:1 есебімен жеңді.

Америкалық «USA Kokpar Team» командасы көшпенділер ойындарында көкпар және көкбөріден бақ сынауға келді. Команда капитан Лэдд Хоуэлл мен тағы жеті ойыншы бар. Олар 2018 жылы Қырғызстанда өткен ІІІ дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқан. Команда өз жылқыларын әкеле алмады, сондықтан оларға атты қазақстандық тарап берді.

Айта кетерлігі, жарыс Қазақстан Республикасының Көкпар федерациясының ережесі бойынша өтеді. Сайыс 20 минутқа созылатын екі кезеңнен тұрады. Кезең арасында 10 минуттық үзіліс болады. Үзілістен кейін командалар мәре сызығын ауыстырады. Серкенің орнына салмағы 30-33 келіден аспайтын нақпішіні тартылады.

Ойындардың басталуына бір күн қалғанда спорт түрі бойынша төрешілер алқасы командалардың өкілдерімен бірлесіп техникалық кеңес өткізеді, онда жеребе тасталады және берілген өтінім санына қарай жарысты өткізу тәртібі белгіленеді.

Еске салсақ, көкпарға 9 мемлекет – Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Мажарстан, Қытай, Моңғолия мен Түркия командалары келді.  9 қыркүйектегі іріктеу кезеңінде ширек финалға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Түркия командалары өтті. Қырғызстан көкпаршылары Моңғолия құрама командасын 16:0 есебімен ұтты. Түркия командасы Мажарстан ойыншыларын 1:0 есебімен жеңді. Қазақстан көкпаршылары Өзбекстан құрама командасын 16:0 есебімен жеңді. Ресей командасы Қытай көкпаршыларынан басым түсті, есеп 4:1.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Президент балаларға арналған IQostanay smart орталығын аралап көрді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Үкіметтің баспасөз қызметі журналиске салынған шектеуді түсіндірді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.