Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

«Қазақстан»: көк ту ұстап, ұрандаған жанкүйерлер шетелдік қонақтарды тәнті етті

Астанада өтіп жатқан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында елордалық белсенді жастар ел спортшыларына жанкүйер болып жүр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

«Қазанат» ипподромы мен Этноауылдардағы әсер ерекше. Қолдарында көк туымызды ұстап, «Қазақстан» деп ұрандатқан жанкүйерлер спортшыларымызға рух беріп қана қоймай, нақышына келтіріп, әнді де орындап, шетелдік қонақтарды тәнті еткен.

Садақ тарту, жамбы ату ойындарын тамашалаған шетелдік туристер қазақ халқының қонақжайлығына да дән риза.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, қызық әлі алда. Себебі көкпар ойындарының финалдық кездесулерін жанкүйер қауым асыға күтіп отыр. Бұл спорт түріне қызығушылық танытып отырған шетелдіктер де аз емес екенін айтады.

Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтіп жатыр, оған әлемнің 89 елінен 2500-ден астам қатысушы келді.

Сонымен қатар, елордада 5 этноауыл ашылады, олар 2024 жылдың 6-14 қыркүйек аралығында «Қазанат» ипподромы, «Қазақ елі» монументі, «Ататүрік» паркі, «Бәйтерек» монументі және Орталық саябақ аумағында орналасқан және жұмыс жасайды.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлт болып ұйысу, жұрт болып жұмылуда зиялы қауымның атқарар рөлі зор – Жанарбек Әшімжан

admin_altyalash

Астанада жұмыс және маман іздеуге арналған платформа іске қосылды

admin_altyalash

Сенаторлар Әзербайжан Елшілігінде кітаптың тұсаукесеріне қатысты

admin_altyalash