Сенаторлар Президент тапсырмасын іске асыру мәселесін талқылады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Тамыз 16, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сенаторлар Президент тапсырмасын іске асыру мәселесін талқылады

12.09.2024
0
Сенаторлар Президент тапсырмасын іске асыру мәселесін талқылады
фото:Сенат

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Парламент мен Үкіметтің бірлескен кеңесінің отырысына қатысты. Онда  Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Шараға қатысушылар алда тұрған саяси және экономикалық реформаларға жан-жақты тоқталды. Атап айтқанда, елімізде атом электр стансасын салу жөніндегі жалпыхалықтық референдумға баса назар аударылды,-деп хабарлайды altyalash.kz Сенаттың Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп 2024 жылғы Жолдау Президенттің алдыңғы Жолдаулары мен сайлауалды тұғырнамасына енгізілген реформалар бағытының жалғасы екенін атап өтті. Сенатор өз сөзінде Президент азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жүйелі экономикалық өзгерістерге назар аударғанын жеткізді. Мемлекет басшысы айқындаған барлық тоғыз басым бағыт осы негізгі міндетті шешуді көздейді.

«Мемлекет басшысының Жолдауында жүзге жуық бастама мен ұсыныс қамтылған. Соның ең маңыздысының бірі – АЭС құрылысы туралы жалпыхалықтық референдум өткізу күнін белгілеу – қоғамда көптен бері айтылып келе жатқан тақырып. Референдум «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен Әділетті Қазақстан идеясының тағы бір нақты көрінісі болмақ. Мемлекет басшысы интернет-алаяқтық, әскердегі тәртіп, есірткі бизнесіне қарсы күрес, педагог және медицина кадрларының жетіспеушілігі сияқты қоғамды алаңдататын бірқатар өзекті мәселелерге де ерекше назар аударды. Жасанды интеллекті дамыту және осы технологияларды Қазақстанның цифрлық платформасына енгізу де Жолдаудың маңызды кезеңі, бұл өз кезегінде цифрлық технологиялар белсенді қолданылатын және дамыған елге айналуға көмектеседі. Жалпы, Жолдау өзекті мәселелерді шешуге және еліміздің стратегиялық даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. Біз депутаттық корпус ретінде Президенттің барлық тапсырмаларының орындалуын заңнамалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етуге міндеттіміз», – деді Нұртөре Жүсіп.

Сонымен қатар, Nazarbayev University алаңында өткен жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы саласындағы тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелерін де талқылады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Сенат Төрағасы көшпенділер ойындарына қатысып жатқан отандық спортшылармен кездесті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

КӨКПАРДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.