ЭКСПОРТ: ҚАЗАҚСТАН МЕН НИДЕРЛАНДЫ БАЙЛАНЫСЫ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЭКСПОРТ: ҚАЗАҚСТАН МЕН НИДЕРЛАНДЫ БАЙЛАНЫСЫ

13.09.2024
0
ЭКСПОРТ: ҚАЗАҚСТАН МЕН НИДЕРЛАНДЫ БАЙЛАНЫСЫ

фото:ашықдереккөз

Қазақстан Еуропа елдеріне тауар жеткізуде нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Екі елдің арасындағы тауар айналымы жарты жылдың ішінде 2,5 млрд долларға жеткен. Сарапшы, «Бенилюкс» сауда палатасының бас директоры Әнуар Құржықаевтың айтуынша, импортқа қарағанда экспорттың көлемі әлдеқайда жоғары. Бұл Қазақстан экономикасы үшін маңызды әрі пайдалы болмақ.

«2024 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында екі елдің арасындағы тауар айналымы 2,5 млрд долларды, оның ішінде экспорт 2,37 млрд, импорт 168 млн долларды құрады. Алдағы уақытта да еліміз тауар айналымын бұдан жоғары ету үшін бар күшін салады. Әріптестеріміз де қарым-қатынасты нығайтуға әзір», – деді ол.

Жалпы алғанда елімізде Нидерландының инвесторлары көбейіп келеді. Ал инвестиция тарту еліміз үшін аса маңызды. Қазақстанда 681 Нидерландының заңды тұлғалары тіркелген. Бұл ақпаратты қос ел арасында іскерлік кеңес кезінде мәлім болды.

Еліміздің сауда палатасының мәлімдеуінше, Нидерландыға Қазақстаннан мұнай, оның өнімдері мен титан жөнелтіледі. Сонымен қатар қорғасын және ферроқорытпалар экспорттайды. Ал әріптес ел елімізге ауыл шаруашылығы техникаларын, соның ішінде, тракторлар, дәрі-дәрмек, гүл мен өсімдіктер және генераторлар жеткізеді.

«Елімізде әріптес ел Нидерландының ауыл шаруашылығы көліктері мен геолиялық бақылауға қажетті құрал-жабдықтар сұранысқа ие. Еуропа стандартына сай тауарлар Қазақстанда құнды екенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар фармацевтика, яғни дәрі-дәрмектер де сапалы. Біз де өз өнімдерімізді экспорттай отырып, технологиядық мүмкіндіктерімізді пайдаланып жатырмыз» – деді сарапшы Әнуар Құржықаев.

Еске салайық, Нидерланды Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. Қос Үкімет арасында инвестициялық жобалар мен сауда серіктестігіне қатысты келісімдер бар. Алдағы уақытта қос елдің қарым-қатынасына қатысты форумдар мен келіссөздер жүруі мүмкін.

Ел экономикасының негізін тау-кен өндіру, өңдеу, химия өнеркәсібі, экспорт пен импорт құрайды. Әртүрлі елдерге экспорттың едәуір бөлігін энергетикалық ресурстар – мұнай, газ, уран құрайды, оларсыз атом электр станциялары жұмыс істемейді. Республика уран өндіруде көшбасшы болып табылады және бұл минералды әлемдік жалпы көлемнің 33% өндіреді. Басқа шикізаттар да экспортталады:

-мыс, оның шикізат қорытпалары, рудалар, концентраттар және катодтар;

-шикі мырыш, ферроқорытпалар;

-радиоактивті химиялық элементтер мен изотоптар.

Минералды шикізат үлесі экспорттың жалпы көлемінің 58%-ына жетеді. Шетелге жіберілетін өнімдердің қалған бөлігі ауыл шаруашылығы өнімдері: астық, сүт, ет және олардан жасалған өнімдер, металл прокаттары, химия және машина жасау өнімдері. Сонымен қатар, туризм мен көлік саласы дамып, жоғары технологиялық құрал-жабдықтарды шығару жолға қойылуда.

Негізгі импорттық тауарларға жеңіл автокөліктер мен телефондар, жүк көліктеріне арналған кабиналар мен кузовтар, механизмдер мен қозғалтқыштардың бөлшектері, дәрі-дәрмектер жатады. Қазақстанның негізгі экономикалық серіктестері – Ресей, Еуропалық Одақ және Қытай. Қазақстан әлемнің аймақтарымен және елдерімен сыртқы сауданы белсенді дамытуда, бұл отандық экономиканы нығайтуға және оның әлемдік аренадағы орнын нығайтуға оң әсерін тигізуде. Ел халықаралық экономикалық ұйымдарға қатыса отырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, тең жағдайларда маңызды шешімдер қабылдайды. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы халықаралық экономикалық байланыстар жүйесіне нық кіріктіріліп, оның өткізу үлесін ұлғайтып, экспортталатын тауарлардың санын көбейтіп, планетаның көптеген аймақтарында сауда байланыстарының тиімділігін арттыруда. 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарларында шикізаттық емес секторды кеңейту және экономикалық өсудің жаңа нүктелері мен өткізу нарықтарын құру, барлық базалық салаларда цифрландыруды дамыту және әлемдегі ірі бөлшек сауда нысандарының санын арттыру қарастырылған.

 

Ж.Жұманбаева

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Сенаторлар елдің транзиттік әлеуетін нығайтуға арналған заңды мақұлдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫМЫЗДЫ ДӘРІПТЕЙТІН ОЙЫН

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.