Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЖаһан жаңалықтары

Трампқа тағы да қастандық жасалмақ болды

АҚШ-тағы президент сайлауына Республикалық партиядан түсіп жатқан кандидат, бұрынғы президент Дональд Трампқа тағы да қастандық жасалмақ болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға 15 қыркүйек күні Флорида штатының Вест Палм-Бичтегі гольф алаңында болған. Reuters басылымының мәліметінше, Трамп тұрған жерден 100 метр қашықтықтан оқ атылған. Құпия қызмет агенттері бұл экс-президентке жасалған қастандық әрекет болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Күдіктіні тінту кезінде суық қару, екі рюкзак және GoPro бейнекамерасы табылды. Қазіргі таңда жасы 58-ден асқан Гавай тумасы – Райан Уэсли Роут ұсталды. Ол бұған дейін 8 рет әртүрлі себеппен қамауға алынған.

Ал Трамп әлеуметтік желі арқылы өзінің дін аман екенін жеткізді.

«Мен қауіпсіз жердемін. Ешкім зардап шеккен жоқ. Ештеңе мені тоқтата алмайды. Мен ешқашан берілмеймін!» – деді ол.

Еске салайық,  13 шілдеде Трампқа Пенсильваниядағы сайлауалды кездесуде қастандық жасалған болатын. Бұл оқиға кезінде ол жеңіл жарақаттанды.

Ұқсас жаңалықтар

Біздің басты міндетіміз – адамдарға көмектесу

admin_altyalash

CЫР ӨҢІРІНДЕ «ТАҒЗЫМ ОРНЫ ТАЗА БОЛСЫН, РУХ ПЕН ТАЗАЛЫҚ – ЕГІЗ ҰҒЫМ» АТТЫ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

admin_altyalash

«Шам түбіндегі шындық» жаңа тарихи-драмалық телехикаясын ұсынады

admin_altyalash