Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Астанада теннистен ел чемпионаты өтіп жатыр

Теннистен «Дәулет» спорт кешенінде дәстүрлі ел чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Біріншілік 23 қыркүйекке дейін өтеді. 1 аптаға жалғасатын бәсекеде ерлер арасында 68 қатысушы тіркелсе, әйелдерде 41 спортшы бас жүлдені сарапқа салады. Жалпы турнирге еліміздің 13 өңірінен теннисшілер бас қосты.

«Теннис еліміздің барлық өңірінде дамып келеді деп айтуға болады. Жазғы мен қысқы біріншілік 2 жылда бір рет ұйымдастырылады. Жазғы чемпионаттың қыркүйекте өткізіліп жатқандығының бір себебі – жарыс күнтізбелеріне сәйкес, осы уақыт қолайлы деп санадық. Кейінгі жылдары чемпионат Астана қаласында тұрақты өтуде. Өйткені алаңдар көп және ыңғайлы. Жалпы, Алматы, Астана, Шымкент қалалары ірі жарыстарды қабылдай алады. Алдағы аптада Алматыда халықаралық ATP 250 турнирі жоспарлағандықтан, «Дәулет» спорт кешені жазғы чемпионатқа қолайлы болды.

Жалпы 1 жылдың ішінде барлық жасты қосқанда 140-тан астам турнир өтеді. Қазіргі сәтте көптеген қалаларда да корттар салынып, жыл сайын чемпионатқа жаңа қалалардан келуде. Мысалы, Ақтау, Атырау, Қарағанды т.б. қалаларда корттар салынып, жергілікті спортшылар дайындалуға мүмкіндік алады», – деді жарыстың бас төрешісі Әмір Жақыпов.

Жазғы чемпионатта ұлттық құраманың мүшелері Григорий Ломакин, Асылжан Арыстанбекова, Сандуғаш Кенжебаева, Аружан Сағындықова қатысып, доданың басты фавориттері саналады.

Жалпы жүлде қоры 4 млн теңгені құрап, жеке сайыста чемпион атанған теннисші 500 мың теңгеге иелік етсе, жұптық сындағы жеңімпаз 300 мың теңге сыйақы алады.

Айта кетейік, ел чемпионатының марапаттау рәсімі 22 қыркүйек күніне жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Үкімет Солтүстік Қазақстан облысындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға 1,4 млрд теңге бөлді

admin_altyalash

Қазақстан мен Өзбекстан жаңа авиамаршруттар мен Жібек жолы бойынша бірлескен турлар ашады

admin_altyalash

Мажар жұртының қарт құрлықта тұғырлы мемлекет болып отырғанына дән ризамыз

admin_altyalash