Ақындар айтысының халқымызға қайта оралуына, өркендеп дамуына қомақты үлес қосқан ақын – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақындар айтысының халқымызға қайта оралуына, өркендеп дамуына қомақты үлес қосқан ақын

19.09.2024
0
Ақындар айтысының халқымызға қайта оралуына, өркендеп дамуына қомақты үлес қосқан ақын

Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Қазақстанның халық ақыны, көрнекті қоғам қайраткері, журналист, сатирик, композитор Қонысбай Әбілдің туғанына 70 жыл толуына арналған «Әй-әй» ақын әлдиі» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырған іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Парламент және қалалық мәслихат депутаттары, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, ақынның отбасы мен достары, зиялы қауым өкілдері, өнерсүйер, өлеңсүйер қауым қатысты. Ақынның достары, курстастары атынан көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет сөз сөйлеп, естеліктерді жаңғыртты.

Журналист мамандығын алып, еңбек жолын осы саладан бастаған Қонысбай Әбіл Астана елорда болғанда бас қалада мемлекеттік тілді дамыту ісінің негізін қалады. Астана қаласы әкімдігінде Тілдерді дамыту секторы меңгерушісі болып, арада 4-5 ай өткенде секторды Тіл бөліміне айналдырды. 2002 жылдың басында елордада Тілдерді дамыту басқармасын ашып, ана тілді өркендету бағытында еңбек етті. Сол кездегі Астана қаласы әкімінің орынбасары Төлеген Мұхамеджановтың басшылығымен басқарма жанында қазір де жұмыс істеп жатқан «Руханият» мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы ашылып, онда өзге ұлт өкілдері де арнайы даярлықтан өтті.

Қонысбай Әбіл қазақтың салт-дәстүрін, мәдениетін, өнерін насихаттау саласында да көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Оның ұйымдастыруымен Астана қаласында республикалық деңгейде 10 рет ақындар айтысы өткізілді. Жас ұрпақты халық ертегілері кейіпкерлері рухында тәрбиелеу мақсатында «Тазша бала» конкурсы қолға алынып, ел ішіндегі көптеген таланттардың танылуына жол ашылды. Айта кетсек, бүгінде есімдері елге белгілі Тұрсынбек Қабатов, Ринат Зайытов, Данияр Хамзиндер де бір кездері осы байқаудың жеңімпаздары атанған болатын.

Сол сияқты Наурыз мейрамын халықтық мереке ретінде тойлау, Тіл фестивалін қалыптастыру, Абай ескерткіші жанында «Поэзия сағатын» ұйымдастыру, елордада тұратын қаламгерлермен кездесулер өткізу дәстүрге айналды.

Қонысбай Әбіл 2008-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Редакциялау және аударма бөлімінде сектор меңгерушісі болып еңбек етті. Ұлтымыздың ұмыт бола жаздаған ұлы өнері – ақындар айтысының халқымызға қайта оралуына, оның өркендеп дамуына қомақты үлес қосты. Ол қазақ айтысының ақтаңгерлері Көкен Шәкеев, Көкбай Омаров, Әселхан Қалыбекова, Әсия Беркенова, Қатимолда Бердіғалиев, Шынболат Ділдебаев, Ерік Асқаров, Моңғолиядан келген Тоқтамұрат Жомарт, ресейлік Амангелді Жүсіповтермен сөз сайысына түсті.

Қонысбай Әбілдің «Бастау» (сықақ өлеңдер), «Көршілер» (повесть пен әңгімелер), «Алаңғасар» (әзіл-сықақ әңгімелер мен скетчтер), «Қонысбайдың қалжыңдары» (әзіл-қалжың, қағытпалар), «Жетпіс жетінің жігіттері» (повестер мен әңгімелер), «Топ жардым туын жықпай туған елдің…» (өлеңдер, толғаулар, айтыстар), «Әй-әй ақын» әлдиі» кітаптары жарық көрген.

Еске алу кешінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Нұрлан Өнербаев, Айгүл Қосанова, Айбек Қалиев, Клара Төленбаева, Перизат Тұрарова, Өзгеріс Шерікбай, Шахризат Сейдахмет сегіз қырлы қаламгердің әндерін шырқаса, «Жастар» театры мен Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры актерлері шығармаларын көрермен назарына ұсынды.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Көлікті мас күйінде басқарса, 7 жыл емтихан тапсыруға жіберілмейд

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.