Бектенов пен Давиташвили сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бектенов пен Давиташвили сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

19.09.2024
0
Бектенов пен  Давиташвили сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Фото: ҚР Үкіметі

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келген Грузияның бірінші вице-премьері – экономика және орнықты даму министрі Леван Давиташвилимен кездесті.Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Көлік және логистика, АӨК, энергетика, туризм, авиация өнеркәсібі салаларындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері қаралды.

Грузия – Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі. Биыл бірінші тоқсанда грузин инвесторлары Қазақстан экономикасына $88,5 млн инвестиция құйды, жалпы 10 жыл ішінде инвестиция көлемі $500 млн-нан асты.

Тараптар транзиттік-көлік секторындағы перспективаларға назар аударды. Екі елдің аумағы арқылы Еуропадан Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азияға апаратын ең қысқа жолдар – ірі трансконтиненттік көлік дәліздері өтеді.

«Қазақстан мен Грузия – Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында белсенді ынтымақтастықта. Аталған бағыт бойынша жүктерді ауыстырып тиеу өткен жылы 65%-ға, биылғы 8 айда 69%-ға өсіп, 2,9 млн тоннаға жетті. Мемлекет басшысы Орта дәлізді дамытуға үлкен көңіл бөліп отыр, біз бұл бағыт бойынша тасымал көлемін 10 млн тоннаға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Ол үшін Үкімет транзит жағдайын жақсарту бойынша дәйекті шаралар қабылдауда», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

ҚР Премьер-Министрі бәсекеге қабілетті тарифтік шарттарды белгілеу, жеткізу мерзімдерін қысқарту және ТХКБ бойынша, оның ішінде Баку – Тбилиси – Карс желісі арқылы тасымалдау көлемін ұлғайту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастырудың маңызды екенін баса айтты. Сонымен қатар көлік дәлізін белсенді түрде цифрландыру қажеттігі анықталды, бұл аталған бағыттың халықаралық тасымалдаушылар үшін тартымдылығын арттырады.

Өз кезегінде Леван Давиташвили Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытып, бұл ретте екіжақты қатынастарды дамытуға жаңа серпін беруге арналған Үкіметаралық комиссияның ерекше рөлін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар сауда-экономикалық әріптестіктің қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін көпжоспарлы жұмысты жалғастыру ниетін растады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Біз күш біріктіріп, бірыңғай заңды ұйым құруға шешім қабылдадық

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.