фото:ашықдереккөз
Аспан асты елі Қытаймен Қазақстанның ауыл шаруашылығы бағыты бойынша қарым-қатынасы нығайып келеді. Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғариннің айтуынша, экспортталатын астық көлемі артып жатыр. Әсіресе, бидайдың сыртқа шығарылатын көлемі өсуде. Оның үлесі 3 млн тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр. Бүгінде еліміз Орталық Азия елдеріне – 2,9 млн астық жіберсе, Қытайға 1,3 млн тонна жеткізіп отыр. Ал Ауғанстанға 127 мың тонна, Иранға 211 мың тонна, Италия мен Түркияға 425 мың тоннаға жуық бидай экспорттаған.
«Еске салайын, Үкімет жоспарына сәйкес биыл 2 миллион астық тапсыру міндеті тұр. Біздің ойымызша, Қытайға 3 миллион тоннаға дейін бидай жеткізе аламыз. Ал Ауғанстанға жіберілетін ұнның көлемін арттыру да жоспарымызда бар. Бұл мүмкіндіктерді пайдалана отырып, экспорт көлемін жыл сайын ұлғайтып отыру, сол арқылы экономикамызды нығайту басты мақсатымыз екенін айтқым келеді» – деді Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин.
Қазақстан астық одағының сарапшысы әрі ресми өкілі Евгений Карабанов Қытайға қазақстандық астықтың экспорты іс жүзінде тоқтап қалған жағдай туралы айтып, биыл Қытайға жеткізілген астық көлемін атады. Қазақстан үшін бұл нарықтың неліктен маңызды екенін айтты. Тамыз айында Қытайдың қазақстандық бидайға тарифтік ережелерді өзгерткені және бұл экспорттың тоқтауына әкеліп соқтырғаны туралы белсенді талқылау болды. Қытай қазақстандық бидайға арнайы тариф ережелерін өзгерткен жоқ.
«Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында бекітілген аймақ бар. Қытайлық компаниялар ол жерге еліміздің басқа аймақтарындағыдай 65 пайыздық баж салығын төлемей Достық-Алашанькоу және Алтынкөл-Қорғас арқылы астықты әкелуге мүмкіндік алды. Олар шамамен 7% төледі» – деді Евгений Карабанов.
11 айда Қытайға 600 мың тоннаға жуық өнім жіберілген. Өткен маркетингтік жылы осы кезеңдегі көрсеткіш 350 мың тоннаға тең болды. 2017-2018 жылғы маусымда бидайдың максималды көлемі – 600 мың тонна экспортталды.
«Қытай – Қазақстан үшін перспективалы бағыт. Солтүстік Қазақстанда Қытайға экспортқа бағытталған ірі ауыл шаруашылығы орталығы құрылуда. Бұл Қазақстанның Қытай нарығына қызығушылық танытқанының дәлелі емес пе? Қытай нарығына шындап ұмтылып жатырмыз деу үшін әр облыста астықты молдап өндіретін төрт-бес орталық ашуымыз керек» – деді сарапшы.
Қытай әлемдік нарықтан орта есеппен 10-11 миллион тонна бидай сатып алады. Сарапшының айтуынша, географиялық жақындықты ескере отырып, өнімімізді көптеп сатуға мүмкінідк бар. Ол үшін Қазақстанға инфрақұрылым мәселесін шешу керек.
Қазақстан Қытайдан үлгі алып, одан интеграцияны үйренуі керек. Бұл туралы экономист, «Visor Holding» ЖШС басқарушы директоры Алмас Чукин мәлімдеді.
Айта кетейік, «Сентрас» жыл сайын Қазақстан үшін геосаясат, экономика және жаһандық даму үрдістері саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін сарапшыларды жинайды. Алмас Чукин экономикалық доминоның әсерінен көбіне белгілі бір факторлардың байланысын білдіретінін түсіндірді, мысалы, мұнай бағасы көтеріледі және инфляция көтеріледі. Қытай нарықтық экономикаға көшкеннен кейін Қытай экономикасы 40 жыл ішінде 31 есе өсіп, 800 миллион адам кедейшіліктен құтылды. Велосипед тепкен ел Қытай бүгінде әлемдегі ең ірі автомобиль нарығы болып есептеледі және солай болып қала береді», – деді Алмас Чукин.
Қытайдан Қазақстан экономикасына тартылған тікелей сыртқы инвестиция көлемін China Telecom инфрақұрылымын мысалға ала отырып, «Белдеу және жол» бастамасы бағдарламасында экономист көршімізден интеграцияны үйрену керек екенін дәлелдеді. Оның айтуынша, көлік бастамасының нәтижелерін ҚХР-дың соңғы 5 жылдағы негізгі жетістіктері деп санауға болады.
– Қытайдың 48 қаласы мен Еуропаның 42 қаласын байланыстыратын 10 мыңнан астам жүк пойызы;
– 200-ден астам елдердің 600-ден астам порттарын байланыстыратын теңіз жолдары;
– 45 елмен тікелей рейстер және аптасына 5100 рейс;
– 24 елмен және аймақпен еркін сауда туралы 16 келісім жасалды, олардың көпшілігі BRI-ге кіреді, оның пікірінше, көлік инфрақұрылымын дамыту мүмкіндігі де бар.
Жалпы алғанда Қазақстан мен Қытай байланысы жыл өткен өткен сайын нығайып келеді. Аспан асты елінінің экономикасы, инновация мен жаңа технологияларының арқасында әлемдегі жетекші елдердің қатарында. Қазақстанға да бұл тәжірибені ала отырып, өндірісті дамытуға күш салуы маңызды.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz