Елордалық “Мемориалдық аймақ” іздеу жасағына – 45 жыл – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елордалық “Мемориалдық аймақ” іздеу жасағына – 45 жыл

23.09.2024
0
Елордалық “Мемориалдық аймақ” іздеу жасағына – 45 жыл

Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Мемлекеттік әскери-тарихи музейінде елдегі ең көне, сонымен қатар посткеңестік  кеңістіктегі “Мемориалдық аймақ” іздеу жасағының 45 жылдығына арналған көрме ашылды.

Аталмыш көрме Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында ашылды. Мұнда қазақстандық құрамалар қатысқан шайқастардан әр жылдары іздеушілер тапқан жәдігерлер қойылған. Олардың арасында қару-жарақ, тұрмыстық, жеке заттар және жауынгерлердің құжаттары бар.

Экспозициялық алаңда “Мемориалдық аймақ” жасағының фотоларына көп орын бөлінген. Мұнда жиналған фотосуреттер әр жылдардағы іздеу жұмыстарын көрсетеді. Онда қазақстандықтар соғысқан жерлерде салынған ескерткіштерді көруге болады.

“Мемориалдық аймақ” іздеу тобы 1978 жылы пайда болды. Оның негізін Целиноград инженерлік-құрылыс институтының студенттері қалады. Сол кездегі жас оқытушы Майдан Құсайынов жасақтың тізгінін ұстап, күні бүгінге дейін үзбей басқарып келеді.

Кәсіби далалық іздеуші және мұрағат зерттеушісі қазіргі уақытта Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры да болып табылады. Ол көптеген жылдар бойы Санкт-Петербург маңындағы Синявинск батпақтары мен жоталарында іздеу жұмыстарын жүргізіп келе жатқан жасақты басқаруды жалғастыруда. Соғыс жылдарында мұнда Ақмола мен Петропавлда құрылған 310-шы және 314-ші атқыштар дивизияларының жауынгерлері ерлікпен шайқасты.

– Біз тек КСРО ғана емес, Еуропада да бірінші болдық, – деді профессор. – Біздің жігіттердің күш-жігерімен жауынгерлердің есімдері белгілі болды, олардың көпшілігі Ақмола облысынан майданға аттанғандар. Сонымен қатар, біздің жасақ “Үміт” деп аталатын мемориалдық аймақ аумағында орнатылған ескерткіштерге назар аударды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы “Звезды-журавли” ескерткіші болды. Сонымен бірге, мұрағаттарда жұмыс жүргізіліп, ұрыс карталары іздестіріліп, қалпына келтірілді, тарихи оқиғалар желісі қайта жасалды. “Мемориалдық аймақ” жасағы жұмысының арқасында мыңдаған туыстар қаза тапқандардың жатқан жеріне тәу етіп, қабірлерінен бір уыс топырақ алуға мүмкіндік алды.

Салтанатты іс-шара барысында әскери-тарихи музейде іздестіру жасағының ардагерлеріне, сондай-ақ қазақстандық іздестіру қозғалысының дамуына зор үлес қосқан адамдарға “Ерлігі, борышына адалдығы үшін” медалі табысталды. Марапатталғандардың арасында Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов та бар. Ол көп жылдар бойы жасақ құрамындағы университет оқытушылары мен студенттерін қолдап келеді.

Айта кету керек, бүгінгі таңда 300 мыңға жуық қазақстандық жауынгер Екінші дүниежүзілік соғыста хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Көрмеге елорда тұрғындары мен қонақтары бір ай бойы бара алады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мектепте білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету бойынша тексеру жүргізіледі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанға Нидерландыдан екі жолбарыс әкелінді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.