Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Экономика

Елде атом саласын жетік меңгерген 3 мыңнан аса маман бар

Елде атом саласын жетік меңгерген 3 мыңнан аса маман бар,- сарапшы Марат Сәрсембаев.
Атом энергиясын дамытуға қажет маман жоқ, қолымыздан келмейді деген уәж көп айтылып жүр.
Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Абай Серікқанов та ғылыми әлеуетіміз ешкімнен кем емес екенін алға тартқан.
«Болашақ мамандар ШҚО мен Алматыда оқиды (Серікбаев атындағы ШҚТУ, Аманжолов атындағы ШҚУ, Шәкәрім атындағы СМУ, КазГу мен АУЭС) Дубна қаласында Біріккен ядролық зерттеулер институтында 100-ге жуық қазақстандық ғалымдар зерттеу жүргізіп жүр. Соңғы 2 жылда олар жоғары рейтингті журналдарда 316 ғылыми мақала жариялады»,-дейді академия вице-президенті.
Тәжрибесі мен базасы әлдеқайда төмен Өзбекстан мен Моңғолия атом энергиясын пайдаланбақ. Біз әзірге «қажет па, жоқ па» деген мәселені айқындаймыз.
Дулат Абибуллаев 

Ұқсас жаңалықтар

Жүк көлемі 32 миллион тоннадан асып, тарихи көрсеткішті көрсетті

admin_altyalash

Ел экономикасы еңсесін тіктей бастады

admin_altyalash

Елімізде АЭС салуға қатысты дайындық жұмыстары басталып кетті.

admin_altyalash