Әлемдік классикалық операның озық үлгісі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Әлемдік классикалық операның озық үлгісі

24.09.2024
0
Әлемдік классикалық операның озық үлгісі

Биыл «Абай» операсының алғаш сахналанғанына 80 жыл.

Тоғыз жыл бұрын Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазылған Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің шығармасы «Астана Опера» сахнасында жаңа редакцияда қойылды.

Қоюшы дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Ахмет Жұбановтың немересі – Алан Бөрібаев.

«Мен үшін «Абай» операсына дирижерлік ету – әр кез іші-бауырымды елжіретіп, толқытатын сезім. Бұл – ғаламат туынды, ешқандай артық нота жоқ, ол әлемдік классикалық операның озық үлгісі, – дейді Алан Бөрібаев өз сұхбаттарының бірінде.

Қойылымда Бөрібаевпен бірге итальяндық режиссер Джанкарло дель Монако, кеңесші режиссер Есмұхан Обаев, бас хормейстер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов, сондай-ақ көрнекті сценограф Эцио Фриджерио және костюмер бойынша суретші «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино жұмыс істеген.

«Абай» операсы әлемдік деңгейдегі сахналарды бағындырып, қазақ музыкасының мақтанышына айналды.

2018 жылы «Астана Опера» театры осы еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

«Абай» қойылымы тек махаббат, жақсы мен жаманның айқасын бейнелеген қойылым ғана емес, қазақ халқының жан дүниесінің алуандығы мен тереңдігін көрсететін айна, көшпелі өмірдің бірегей салты мен философиясын көрерменге паш ететін туынды.

Көрермендер классиканы «Астана Операның» жаңа маусымында тамашалап үлгерді. 24 қыркүйек күні сағат 19:00-де тағы бір көрсетілім болады.

Ал 16 қазанда «Абай» Үлкен театрдың жаңа сахнасында алыс және жақын шетелдердің көрнекті опералық қойылымдарын біріктіретін «Видеть музыку» халықаралық фестивалі аясында көрсетіледі.

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Түрлі ведомстволық күштердің өзара іс-қимыл элементтерін пысықтауға бағытталған

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Медициналық көмекті жетілдіруді жалғастырамыз

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.