Грек-рим күресінен 82 кг дейінгі салмақтағы Ұлттық құрама палуаны Диас Қаленге былтырғы Азия чемпионатының алтын медалі берілді.
Ол 2023 жылы көктемде Астанада өткен чемпионаттың финалында Ақылбек Талантбековке (Қырғызстан) аса тартысты белдесуде есе жіберген (2-3).
Халықаралық тест жасау агенттігінің (International Testing Agency) мәліметінше, қырғыз спортшысының 2023 жылғы 10 сәуірдегі анализінен тыйым салынған препарат («метастерон») анықталған. Осыған байланысты Ақылбек 4 жылға спорттан шеттетілді.
Грек-рим күресінен Қазақстан командасының жаңарған нәтижесі:
Ибрагим Магомадов алтын (72 кг)
Диас Қален алтын (82 кг)
Нұрсұлтан Тұрсынов күміс (87 кг)
Аманғали Бекболатов қола (55 кг)
Мұхамедқали Мамырбек қола (63 кг)
Алмат Кебіспаев қола (67 кг)
Олжас Сырлыбай қола (97 кг)
Әлімхан Сыздықов қола (130 кг)