Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Алматыда Қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған стади-тур өтті

Алматыда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған стади-тур ұйымдастырылды. Іс-шараға Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары кеңестерінің мүшелері қатысты.Бұл туралы altyalash.kz хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара аясында қатысушылар Алматыда бизнесті дамыту бойынша қоғамдық мониторинг ұйымдастырды. Онда олар әлеуметтік, білім беру және мәдени мәселелерді шешу тетіктерімен, сондай-ақ мегаполисте жеке кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қолдау мәселелерімен танысты.

Қатысушылар мониторинг қорытындысы бойынша отырыс өткізіп, барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестерді дамыту мәселелерін талқылады.

Келесі стади-тур Астана мен Қарағанды облысында өтеді деп жоспарланған.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Астананың Орталық саябағы ең үздік деп танылды.

admin_altyalash

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы ұлғаяды

admin_altyalash

Өнер майталмандарының концерті: Астанада қарияларға зор ілтипат көрсетілді

admin_altyalash