Әзербайжанның Қазақстандағы мәдениет күндеріне орай өткен гала-концертке мыңға жуық адам қатысты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Маусым 4, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әзербайжанның Қазақстандағы мәдениет күндеріне орай өткен гала-концертке мыңға жуық адам қатысты

27.09.2024
0
Әзербайжанның Қазақстандағы мәдениет күндеріне орай өткен гала-концертке мыңға жуық адам қатысты

Бүгін Әзербайжанның Қазақстандағы мәдениет күндері Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында өткен гала-концертпен қорытындыланды. Ауқымды іс-шараға мыңға жуық көрермен – шығармашылық зиялы қауым, ведомстволық бағынысты ұйымдар өкілдері, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтары жиналды.

Сондай-ақ концертке Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрі Адил Керимли қатысты.

Сахнада Әзербайжанның Халық әртістері Самир Джафаров, Алихан Самедов, Тунзаля Агаева, Азер Зейналов, Гульяз Мамедова, Әзербайжанның еңбек сіңірген әртістері Рашад Ильясов, Лала Мамедова және басқа да танымал өнерпаздар өнер көрсетті. Іс-шарада Қазақстан мәдениетін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Әлішер Кәрімов пен халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Аяулым Қажымұханқызы Жумкенова таныстырды.

Концерт барлық қатысушылардың Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы мәдени бірлік пен достықтың символына айналған Муслим Магомаевтың әйгілі «Әзербайжан» әнін орындауымен аяқталды.

Айта кетейік, 24-26 қыркүйек аралығында Қазақстанда Әзербайжанның мәдениет күндері өтті. Оның аясында Астанада кітаптардың тұсаукесері, этно-джаз концерті, екі елдің Ұлттық кітапханалары арасындағы меморандумға қол қою, сондай-ақ «Әзербайжан өнерінің інжу-маржандары» көрмесінің ашылуы және Әзербайжан мемлекеттік би ансамблінің концерті өтті.

2023 жылдың желтоқсан айында Бакуде Қазақстанның Әзербайжандағы Мәдениет күндері жоғарғы деңгейде өтіп, екі мемлекет арасындағы мәдени байланысты нығайтудағы маңызды қадам болған еді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ойыншыларымыз әлем чемпионы Португалиядан басым түсті.

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.