Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениет

Ораз Жандосовтың 125 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық кітапханасының тұңғыш директоры Жандосов Ораз Қиқымұлының 125 жылдығына арналған «Ораз Жандосовтың тарихи тұлғасы және қоғамдық-саяси қызметі» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның  қалыптасуына баға жетпес үлес қосқан қазақ халқының біртуар ұлы Ораз Жандосовтың еңбек жолы мен тағылымы мол тұлғасын насихаттау және дәріптеу.

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстан, Өзбекстан және Ресейдің тарихшы ғалымдары мен зерттеушілері, Алматы қаласының архив және музей қызметкерлері, Ораз Жандосовтың туыстары мен ұрпақтары қатысты.

Конференция аясында «Қайраткер Ораз Жандос: өмірі және қоғамдық саяси қызметі» атты кітап пен «Ораз Жандосов. 1899-1938»  библиографиялық еңбектің тұсаукесер рәсімі өтті.

Сонымен қатар ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚР Президенті Архиві және ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорынан «Ұлтым деп өткен қайраткер» атты кітап және музей құжаттарының көрмесі ашылды.

Ұқсас жаңалықтар

Әкімдіктер елді мекендерді тасқын судан қорғау үшін кешенді шаралар қабылдауы тиіс

admin_altyalash

Референдум – шешім, жаңару

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Судья және сот қызметкері күнімен құттықтауы

admin_altyalash