Ақмол ауылында тағы бір жайлы мектеп есігін айқара ашты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Ақмол ауылында тағы бір жайлы мектеп есігін айқара ашты

30.09.2024
0
Ақмол ауылында тағы бір жайлы мектеп есігін айқара ашты
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылуда. Бүгін Целиноград ауданы Ақмол ауылында тағы бір жайлы мектеп есігін айқара ашты. Мектептің ашылу салтанатына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен облыс әкімі Марат Ахметжанов қатысты.

Мектеп бір ауысымда оқитын 1200 орынға арналған. Аталған білім беру ұйымында 93 кабинет қарастырылған, оның ішінде 4 компьютерлік, 7 мамандандырылған, 2 спорт, асхана, кітапхана, хореография залдары бар.

Оқушылар мен педагогтерге арнаған құттықтау сөзінде Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының білім беру сапасын арттырудағы және қалалық, ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты азайтудағы маңыздылығын атап өтті.

«Педагог кадрлар білім беру сапасын арттыруда негізігі рөл атқарады. Өткен жылдан бастап елімізде жаңа форматтағы басшыларды іріктеу және даярлау бойынша «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы іске асырылуда. Бүгінгі таңда бағдаралама шеңберінде білім алған 130-дан астам үміткер жайлы мектептерге директор болып тағайындалды. Әсіресе, тәрбие жұмысына басымдық беріледі. Балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасау керек, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ата-аналармен бірлесіп алдын алу, ақпараттық жұмыстарды тиімді жалғастыру маңызды», – деді ҚР оқу-ағарту министрі.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жаңа оқу жылында өңірде 5 мектеп ашылғанын, оның 4-уі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша салынғанын атап өтті.

«Жоба мектептерде орын тапшылығы мәселесін шешеді, оқушылар мен педагогтер үшін жайлы орта тудырады және білім беру сапасындағы алшақтықты азайтады. Өскелең ұрпақтың үйлесімді және бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз», — деп атап өтті М.Ахметжанов.

Сондай-ақ министр Ғани Бейсембаев мектепте балаларды тамақтандырудың ұйымдастырылуы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің сапасын қарады. Министрге «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы, әкелер кеңесінің клубы және «Даналық мектебі» таныстырылды. Олардың ашылуы ең алдымен позитивті ата-ана мәдениетін, мектеп пен отбасының балаларды тәрбиелеудегі өзара іс-қимылын дамытуға және патриотизмді нығайтуға бағытталған.

Ұлттық жоба бойынша 2025 жылға дейін барлығы 217 жайлы мектепті қолданысқа беру жоспарлануда. Жобада білім беру ортасының функционалдығы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек блоктарда оқиды. Талаптардың қатарында қазіргі техникалық құралдарды енгізу есебінен қауіпсіздік шараларын арттыру, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта құру және мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау қарастырылған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛАДЫ?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Астананың Орталық саябағы ең үздік деп танылды.

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.