Өнер майталмандарының концерті: Астанада қарияларға зор ілтипат көрсетілді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Тамыз 20, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Өнер майталмандарының концерті: Астанада қарияларға зор ілтипат көрсетілді

02.10.2024
0
Өнер майталмандарының концерті: Астанада қарияларға зор ілтипат көрсетілді

Халықаралық қарттар күніне орай Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның мақсаты – қариялардың ерен еңбегін дәріптеп, оларға деген ыстық ықылас пен ілтипатты көрсету.

Мерекелік концертке Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, қалалық мәслихаттың төрағасы Ерлан Каналимов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов, мәдениет қайраткерлері мен қалалық мәслихат депутаттары, ардагерлер және зейнеткерлер қатысты.

Кешке арнайы қатысқан Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов елордалық қарияларды 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

«Астанада 135 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысы ардагерлері, қаһармандары, тыл еңбеккерлері және әскери іс-қимылдарының өкілдері де бар. Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан парызымыз. Халық арасында аузы дуалы, әңгімесі бәтуалы ақсақалдардың барында алауыздық болмайтыны, жастарымыз жөнсіз кетпейтіні белгілі», – деді Ерлан Каналимов.

Сонымен қатар ол Астана қаласында аға буынды қолдауға және олардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралардың белсенді атқарылып жатқанын атап өтті. Әсіресе, «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының» жұмыстарына ерекше тоқталды.

Концерт шымылдығы Құрманғазының атақты «Сарыарқа» күйімен ашылды. Мерекелік іс-шарада қазақ оркестрі, «Шалқыма» халық би ансамблі және филармонияның жеке орындаушылары көрнекті қазақ композиторларының шығармаларын орындады. Олардың ішінде Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы», Сыдық Мұхамеджановтың «Қырманға кел, қалқатай», Исаак Дунаевскийдің «Заздравная», Түркештің «Көңілашар» сынды және тағы басқа халық сүйіп тыңдайтын туындылары орындалды.

«Қарты бар үй – қазына» дейді ғой. Мемлекет тарапынан қарттарымызға деген құрмет жоғары деп есептеймін. Менің 86 жаста әкем, 84 жаста анам бар. Олардың бір жылдық зейнетақысына үстеме қосылып жатады, әлеуметтік жағынан болсын, осындай мәдени-рухани жағынан болсын, қолдаулар көрсетіліп тұрады. Міне, бүгінгі концерт те – сол үлкенге құрмет ретінде ұйымдастырылған іс-шараның бірі», – деді Халық әні бөлімі әншісі, Мәдениет саласының үздігі Нұрай Талабаев.

Кеш барысында «ALEM» заманауи би ансамблі мен филармонияның жеке солистері тыңдармандарға ерекше әсерлі музыкалық және хореографиялық қойылымдар ұсынды.

Концерттің көрігін халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Айтқали Жайымов, Арайлым Рахым, Ұлықпан Жолдасов, Майра Ілиясова және Гүлнұр Оразымбетова сынды өнер майталмандары қыздыра түсті.

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астанада қарттар күніне орай мерекелік концерт өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтар марапатталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.