Қоғамда тазалық мәдениеті орнығуы қажет – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Шілде 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қоғамда тазалық мәдениеті орнығуы қажет

03.10.2024
0
Қоғамда тазалық мәдениеті орнығуы қажет

Президент жиында «Таза Қазақстан» жобасының маңыздылығына тоқталды.

«Осындай маңызды құндылықтың бірі – туған елге жанашырлық. Өздеріңізге мәлім, мен экология мәселесіне айрықша мән беремін. Қоғамда тазалық мәдениеті орнығуы қажет. Осыған орай, биыл елімізде «Таза Қазақстан» жобасы қолға алынды. Бұл – өте маңызды бастама. Аймақтарда ауқымды экологиялық шаралар атқарылып жатыр. Жұмыстың нәтижесі қазірдің өзінде айқын көріне бастады. Шетелден келген қонақтар елді мекендеріміздің ерекше тазалығына назар аударуда. Тіпті, мұны басқа жұртқа үлгі етіп, әлеуметтік желіге жариялап жүрген туристер бар. Әрине, шетелдіктердің мақтағаны жақсы. Бірақ тазалық өзгелерден бұрын өзімізге керек.

Бұл – жарлықпен жасалатын, өкіммен орындалатын шаруа емес. Тазалық, алдымен, халқымыздың әдетіне, сосын қанға сіңген қасиетіне айналуы қажет. Шын мәнінде, өркениетті елдің басты сипатының бірі – тазалық пен тәртіп. Сондықтан «Таза Қазақстан» шарасы жыл он екі ай бойы жалғасуға тиіс. Сіздер әр қиырдағы ауыл-аудандардан келіп отырсыздар. Осы сәтті пайдаланып, баршаңызды «Таза Қазақстанды» тұтас ел болып қолдауға шақырамын. Бұл іс-шарадан бірде-бір елді мекен шет қалмауы керек. Әрбір ауыл, әрбір қала тазалықтың үлгісі болуы қажет.

Жалпы, біздің елімізде Заң және Тәртіп үстемдік құруға тиіс. Сонда ғана реформаларды табысты жүзеге асыруға және ел экономикасына инвестиция тартуға болады. Заң және Тәртіп – Әділетті Қазақстанның мызғымас тұғыры. Кез келген қоғам әділдік болғанын қалайды. Қазақстан халқының да талабы – осы. Сондықтан мен әділдік қағидатын орнықтыруға бар күш-жігерімді саламын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Нақты шешімдер әзірленетін Мәжілістен үлгі алу керек

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Көлік мінді көкпаршылар

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.