Кімдер бақылауға алынады? Мобильді аударым. – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кімдер бақылауға алынады? Мобильді аударым.

04.10.2024
0
Кімдер бақылауға алынады? Мобильді аударым.

Notice: Trying to get property 'child' of non-object in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/ContentTag.php on line 45
Фото: gov.kz
1 қаңтардан бастап ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударым алған азаматтар бақылауға алынады, – деп хабарлайды altyalash.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратынша, қазір кейбір кәсіпкерлер банктерде ашылған жеке шотына сатылған тауар, көрсетілген қызмет үшін мобильді аударымдар арқылы ақы алады. Яғни, бақылау-касса машиналары (БКМ) мен POS-терминалдарды қолданбайды, тиісінше клиентке чек бермейді.

Салық органдары бұл ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген заңбұзушылық екенін еске салды. Ал егер заңбұзушылық қайталанса, салық төлеушінің субъектілігіне байланысты 15-тен (51 750 теңге) 50 АЕК-ке (172 500 теңге) дейін айыппұл салынады.

Кімдер бақылауға алынады?

Қазақстан Конституциясына сәйкес салық төлеу – әркімнің міндеті. Салық органдары заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығару мақсатында тиісті бақылау жүргізеді. 2024 жылдан бастап банк ұйымдары жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді береді. Күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударымдар алған азаматтар бақылауға алынады.

Бақылау-касса машиналарын қолдануды жеңілдету үшін 2022 жылдан бастап БКМ функцияларын екінші деңгейдегі банктердің POS-терминалдарымен біріктіру бойынша қанатқақты жоба жүргізіліп жатыр. Бұл БКМ мен POS-терминалдың бір чегін беруге мүмкіндік береді. Аталған жобаға қатысып жатқан банктер – «Каспий банк» АҚ, «Халық банк» АҚ және «Банк ЦентрКредит» АҚ.

Сонымен қатар БКМ чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Азаматтық бақылау – Чекті талап ет» акциясы да қолға алынды. Анықталған бұзушылықтар туралы «Wipon cashback» тегін мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға болады.

Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, жоғарыда аталған өзгерістер адал салық төлеушілерге әсер етпейді және тек заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған. Яғни, жеке тұлғалар, бұрынғыдай, өздерінің жеке мақсаттары үшін туыстарына, достарына, ата-аналары мен балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға арналған аударымдарды жасай алады және қабылдай алады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Президент ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшыларын қабылдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ІІМ құжаты және құқықтық мәртебесі жоқ азаматтарға көмектесіп жатыр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.